Қазақ театрына абсурд келді

Қазақ театрына жаңа бір жанр келді. «Абсурд» деп аталатын көркемдік шығар­ма­лар­дың оқиға желісі өмір шындығымен ешбір ұйқас­пай­ды. Бірақ оның астарында адам психологиясының «шындығы» бар. Осындай туынды жақында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанды. Жас режиссер Бал­табек Нұрғалиев астаналық өнерсүйер қауымның назарына «Әзәзіл» атты абсурд қойы­лы­мын ұсынды.
Бұл туынды – Жапонияның белгілі дра­матургі Бэцуяку Минорудың «Көше қиы­лы­сындағы драма» атты диологиясының бір бөлімі. Шығарманың екі бөлімі де кө­ше бойымен келе жатып, келеңсіз бір жағ­дайларға тап болған жолаушылар туралы баяндайды. Бірінші оқиғада бас кейіпкер көше қиылысында отырған біреулердің әң­гімесін тыңдап, өмірден түңіліп кетсе, екін­ші бөлімнің оқиға желісі көшенің қақ ор­тасында ашылған жедел жәрдем бекеті аясында өрбиді. Ондағы медбикелер үйіне бара жатқан сап-сау адамның есін шыға­рып, ақыр аяғында ауру қылады. Былай қара­саң, бұл – абсурд: көшенің қиы­лы­сын­да жедел жәрдем бекеті қайдан бол­сын? Болса да, адамның миын айналдырып, есін шығаратын медбикелерге кім сенеді? Ақылы бар адам оған ешбір мән бермей, өз жайымын кете береді ғой. Бірақ таби­ға­тынан нәзік әрі кез келген нәрсеге иман­дай сене беретін жандар бар емес пе біздің қоғамда? Оларға қазіргі күйбең тіршіліктегі сан алуан келеңсіз жағдайлардың қатты әсер ететіні рас. Әсіресе әйел адамдар он­дайға жиі душар болып жатады. Себебі олардың психологиясы «абсурдқа» жақын. «Әзәзіл» пьесасында барлық кейіп­кер­лер­дің аты жоқ. Оларды тек «бірінші әйел», «екін­ші еркек» деп шартты түрде атаған. Өйт­кені шын өмірде ондай жағдайға кез кел­ген адам тап болуы мүмкін. Біз өз қия­лымыздың түбіне жете алмаймыз. Ал оның да бұрылыс-қиылыстары көп қой. Кім бі­ле­ді? Ойлаудың жоғары сатысына шығар жол­да сол бір қиылыста тұрған «жедел жәр­дем бекетінің» көмегіне жүгінуге тура келетін шығар...
Біздіңше, жапондық шығарма абсурд, өмір­де болмайтын оқиға ретінде жазылса да, оның реалистік тұсы да бар. Мәселен, же­дел жәрдем бекетінде істейтін мед­би­ке­лер қақпанға түскен әйел жолаушының ба­сын айналдырып, барлық киім-кешегі мен ақшасын алып қойып, тақырға отыр­ғы­зып кетеді. Бұл жерде жекеменшік биз­нес­ке айналып бара жатқан меди­ци­на­ның бүгінгі бет-бейнесін анық байқауға бола­ды. Де­ген­мен қойылымның режиссері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Балтабек Нұрға­лиев­тің айтуынша, бұл шығарма қазіргі медицинаны сынап отырған жоқ.
Балтабек НҰРҒАЛИЕВ, «Әзәзіл» пьеса­сы­ның қоюшы режиссері:
– Бұл – менің жапон драма­тур­гия­сына екінші рет келуім. Оның алдында жа­пон халқының белгілі жазушысы, дра­матург Кобо Абенің «Құм құр­сауын­дағы әйел» романы бойынша инс­це­ни­ров­касын жасап, Тахауи Ахтанов атын­дағы Ақтөбе облыстық Қазақ драма театрында қойдым. Өз басым жапон дра­ма­тур­гия­сына қатты ғашықпын. Сон­дықтан жапон драматургі Бэцуяку Минорудың шы­ғар­масын екінші туын­ды ретінде таңдап, Астанаға алып келдім. Бұл шығарма арқылы біз меди­ци­наны сынап отырған жоқпыз. Қойы­лым­­ның негізгі идеясы – жазықсыз адам­­­­ды өлтіру проблемасы. Бұл – қа­ра­­­пайым адамның трагедиясы. Не­гі­зі, қазақ театры үшін абсурд – ол жа­ңа жанр.

Күлия ҚОЖАХМЕТОВА, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, әртіс, қойылымдағы «бірінші әйел»:
– Енді, «абсурд» деген сөздің өзі өмірде болмағанды білдіреді ғой. Ал оны жеткізе білу – әртістердің жеке ше­бер­­лігіне байланысты. Абсурдқа жан-тә­німен беріліп, шынайы ойнасаң, кө­рер­мен оған сене бастайды. Әрине, біз­ге ол бас кезінде жеңіл көрінді. Бірақ дайындық кезінде абсурдтың қиын­шы­лы­ғын түсіндік. Біз оған бағынбадық па, ол бізге бағынбады ма, білмеймін? Де­генмен соңында бәрі ойдағыдай шықты деп білемін. Әрине, біз үшін ол – жаңа жанр. Көрерменнің де оны тү­сі­нуі екі­та­лай. Бірақ бүгінгі қойылым ке­зінде мен кө­рермендердің ілтипатын бай­қап, олар­дың бұл спектакльді түсін­ген­дігіне көз жеткіздім. Жалпы, мұндай туындылар бізге керек. Себебі оған жас­тар көптеп жи­налады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста