Қазақ тарихы мен Қазақстан тарихы екі бөлек...

Қазақ тарихы мен Қазақстан тарихы екі бөлек...

Жақында Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі тарихшы Қойшығара Салғараұлының 75 жылдық мерейтойына орай конференция өткен еді. Онда тарихшының еңбектеріне шолу жасалып, Мырзатай Жолдасбеков, Намазалы Омашев, Ғарифолла Есім, Төлен Әбдік тарихшы туралы жылы пікір білдірді. Конференцияда мінберден сөз айтқан Мырзатай Жолдасбеков біраз дүниенің бетін қайырса, Намазалы Омашев оның еңбектеріне талдау жасады.

  Қойшығара Салғараұлы ©Мансұр ХАМИТ фото
Жиында Ғарифолла Есім Қойшығана Салғараұлы туралы айта отырып,  басқаша сипатта әңгіме өрбітті. «Біз біраз жылдар бойы өтірікті көп естіп, соған сеніп өстік. Мектепте оқығанда бізге өтірік айтты. Университетте жүргенде өтірікке мейлінше «қандық». Ең ақыр аяғында комсомол мен партияның өзі өтірік болып шыққаны тағы бар. Хрущев съезге жинап алып, 1980 жылы коммунизм құрамыз деп тұрып тағы да өтірікті судай сапырды. Оған сенген біз ол сөзді халыққа айттық. Осылайша өтіріктің ортасында жүрдік. Бірақ сондай өтіріктен аршып шығам деп белсеніп кіріскен тарихшы –  Қойшығара Салғараұлы еді. «Алтын тамыр» атты еңбегі жарыққа шыққан кезде мынадай шындыққа да қолымыз жетті-ау деп сүйсіндік», – деп бастады. Тарихшының еңбегін, Қытайда жүргенде жинастырған деректері келтірілді. Бәрінен бұрын философ ғалымның тарихқа қатысты айтқаны көңілден шықты.
«Осы күнге дейін «Қазақстан тарихы» деген сөзге таңданам. Баяғыда Татарстанға барғанымда маған Татар халқының және Татарстан тарихы туралы деген кітап берді. Бұл қалай? -  десем, олар: Татар халқының және Татарстанның тарихы екі бөлек, - деп жауап берді. Ал біз әлі күнге дейін тарихымызды «Қазақстан тарихы» деп жалпылама айтып жатырмыз. Осы сөздің өзі дұрыс емес. Дұрысы, қазақтың және Қазақстанның тарихы екеуі екі бөлек. Қазір неліктен біз «Қазақстан» атауынан кетеміз деп отырмыз. Ол біздің ата-бабамыздың тарихы емес, бұл атау бізге кейін берілген нәрсе», - деп түйіндеді.
Ал жазушы Төлен Әбдік Қойшығара Салғараұлын ұлттық санаға серпіліс әкелген ғалым деп әспеттейді.
«Халықтың мақтанышына айналған Олжас Сүлейменов бір кездері қазақ тіліне қарсы болды. «Ресейден кетуге болмайды. Кететін болсақ, құримыз» дегенді де айтты. Осыдан кейін не істеуге болады? Осындай кездерде жұрттың жүрегінде ұлттық сананы қалыптастыру деген мәселе көтерілді. Қойшығара Салғараұлы осы тұрғыдан келіп, ұлттық сананы қалыптастыруға еңбек сіңірді. Оны қалыптастыру үшін тарихты білу керек.  Бұл орайда Қойшыекеңнің атқарған еңбегі ұшан-теңіз», – деп тебіренеді қаламгер Төлен Әбдік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста