Қазақ музыкасының бәйтерегі – 100 жаста

«Біржан мен Сараны» ХХ ғасырда қайта тірілткен бірден-бір жан болса, ол – қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композитор Мұқан Төлебаев. Сондай-ақ ҚазКСР Мемлекеттік Әнұранының авторы (Е.Бруси­ловс­кий, Л,Хамидимен бірге). Осы бір аяулы жанның биыл 100 жылдық мерейтойы.
Осыған орай бүгін сағат 15:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық әртісі Мұқан Төлебаевты еске алу кеші өтеді. Ұйымдастырушылар – «Інжу-маржан» өнер клубы. ҚР «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Жалын» баспасының бас редакторы Бексұлтан Нұржекеев жүргізетін кеш аясында еліміз­дің жас өрендері, студенттер мен өнерпаз­дар өнер көрсетеді.
Кеш арқауы – әрине, композитор Мұқан Төлебаев шығармашылығы. Жоға­ры­да аталған «Біржан-Сара» операсымен қатар, ұлы композитор қазақтың біртуар ұлы, батыр А.Иманов жайлы «Амангелді» атты опера жазғаны мәлім. Сондай-ақ дара тұлға өз өмірінде 50-ден астам өлең мен романстар, спектакльдер мен фильм­дерге арнап музыка жазған, сонымен қа­тар қаншама халық қазынасына айналған әндерді өңдеген. Ендеше, кеш осы туын­дылармен көркемделеді.
Тағы бір айтарлығы, іс-шара барысын­да «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты Мұқан Төлебаев өмірі мен шығармашы­лы­ғына арналған кітап көрмесі ұйымдас­тырылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста