Қазақ күнтiзбесi келесi жылы оқырманымен қайта қауышпақ

Соңғы екi жылдан берi «Қазақ күнтiзбесi» кiтап дүкендерiнiң сөресiнен, сауда нүктелерiнен көрiнбей кеттi. Әрi күнтiзбе, әрi оқырманды түрлi жаңалықтарымен қызықтыратын басылымның шықпай қалуына не себеп болды екен? Әлде басылымның тоқтап тұруы уақытша ғана ма? Оқырмандар көкейiндегi осы бiр сауалды ұзақ жылдан берi «Қазақ күнтiзбесiн» басып шығарумен айналысып келген «Қазақстан» баспасының директоры Нұрмахан Оразбек мырзаға қойған едiк.

– Нұрмахан аға, осыдан екi-үш жыл бұрын, аз таралыммен болса да, күнтiзбе басылып тұрушы едi, ал соңғы 2008-2009 жылдарға арналған күнтiзбе мүлдем шықпай қалды. Соған қарағанда, баспа материалдық жағынан қатты қиналған секiлдi ғой... Әлде басқа да себептерi бар ма?
– Ең алдымен, «Қазақ күнтiзбесiнiң» тұрақты оқырмандарын жақсы жаңалықпен қуантқым келiп отыр. 2010 жылы «Қазақ күнтiзбесi» оқырмандарымен қайта қауышады. Дәл қазiр келесi жылға арналған күнтiзбенiң жарты жылының материалдарын дайындап қойдық. Ал ендi «неге екi жыл үзiлiс болды» дегенге келер болсақ, күнтiзбенiң жарық көрмей қалуының бiрнеше себебi бар. Ол – бiрiншiден, әрине, қаржылық жағдай, яғни өз шығынын өзi ақтамауы, екiншiден, күнтiзбенi таратудың дұрыс жолға қойылмауы, үшiншiден, оқырман аясының тарлығы, өтпеуi.
– Ендi осы мәселелер шешiмiн тапты ма?
– Толығымен барлық мәселенi шештiк деп айта алмаймын. Дегенмен «Қазақ күнтiзбесiн» шығармау – бiздiң азаматтығымызға, адамгершiлiгiмiзге сын. Күнтiзбенi қазақтың ұяты үшiн шығаруымыз керек. Қазақ тарихында алғаш ресми түрде күнтiзбенiң жарық көргенiн өз көзiммен көрген, атсалысқан адам болғандықтан, бұған менiң қатты жаным ауырады. Мен ең алғаш 1995 жылы «Қазақстан» баспасына келгенiмде де күнтiзбе бiр жыл шықпай қалған болатын. Келесi жылында баспаның жағдайын ескере отырып, өз қаржымызбен күнтiзбенi 150 мың данамен шығардық. Ал соңғы 2005 жылы – 25 мың, 2006 жылы – 20 мың, 2007 жылы 15 мың данаға дейiн таралым азайтылды. Таралымы аз басылымның шығыны қыруар болады емес пе? Ал таралымын көбейтсек, бекерге қанша данасы өтпей қалады, әлi күнге баспаханада шаң басып тұрғандары бар. Бұған себеп – бiздiң нарықтың заңын жақсы меңгермеуiмiзде. Қазақ күнтiзбесiн сақтап қалу үшiн орыс тiлiнде де басуға талпынып, тiптi, кеңсе күнтiзбесiн де шығарған кезiмiз болды. Бiрақ бұл да аса нәтижелi болмады.
– Қазақ күнтiзбесiн шығаруға қайта кiрiскендерiңiзге қарағанда, аз да болса сұраныс бар ғой?
– Әрине. Мүлдем жоқ деуге болмайды. Күнтiзбе шықпай қалғанда қанша адам баспаханаға телефон шалып, күнтiзбенiң шықпай қалуына алаңдаушылық танытып жатты. Тiптi, бiр азамат Семей қаласынан бiр күнтiзбенi 500 теңгеге сатып алғанын айтып, хабарласты. «Қазақ күнтiзбесi керек пе, керек емес пе» деген сұрақтан гөрi қазiр «күнтiзбенi қалай сақтап қаламыз» деген сауал көкейiмдi жиi мазалайды.
– Келесi жылы жарық көретiн қазақ күнтiзбесiнде нендей ерекшелiктер болмақ, заманға сай өзгерiстер бар ма?
– Ең басты айта кетерлiк жайт, күнтiзбенi бастыру үшiн Кострома қаласына жiбермей-ақ, өзiмiзде басып шығаратын болдық. Күнтiзбенiң формасын техникалық жағынан шамамыз келгенше өзiмiздiң баспаханалардың мүмкiндiгiне лайықтап, аздап өзгертпекпiз. Сондай-ақ күнтiзбенiң мазмұны мен материалдарды беру қағидасында да бiршама өзгерiстер орын алды. Бұрын кез келген дата тықпалана беретiн. Ендiгi уақытта әлемге танымал адамдардың Қазақстанға қатысы барларын қамтып, олар туралы қызықты мағлұматтар бермекпiз. Сондай-ақ мерейтойлары тойланатын белгiлi тұлғаларды тудырған топырақ туралы дерек көбiрек берсек пе деймiз. Халықаралық, республикалық, ұлттық төл мерекелер жайындағы ақпараттарды толықтырмақпыз. «Бабалардан жеткен сөз» деген айдармен ақын-жыраулардың, би-шешендердiң нақыл сөздерi де күнтiзбеге енгiзiлдi. Күнтiзбе «Жасыңда ғылым бар деп ескер, шырақ» деген айдарда жастармен ғылым-бiлiмнiң ғажайыптары жайлы бөлiспек. Бiр сөзбен айтқанда, қазақ күнтiзбесiнiң сапасын жақсартуды мақсат етiп отырмыз.
– Iстерiңiз оңға бассын!

Қазақ күнтiзбесi тарихынан
Қазақ күнтiзбесi ең алғаш Кеңес өкiметiнiң 20-жылдарында аз таралыммен шыққан. Оны алғаш Б.Майлин басқарып «шаруа күнделiгi» деген атаумен шығарған. 1950 жылдардың екiншi жартысынан бастап «Қазақ күнтiзбесiн шығару керек» деген мәселе ұсыныс ретiнде айтылып жүрдi. 1958 жылы қараша айында Министрлер кеңесiнде арнайы жиналыс өтiп, осы мәселе төңiрегiнде бiраз айтыс болды. Сөйтiп, 1958 жылы арнайы редакция құрылды. Белгiлi журналист Әбдрашит Бектемiсов бас редактор болып тағайындалды, әдеби қызметкерi ретiнде талантты жазушы Маршал Әбдiқалықов жұмыс iстедi. 1962 жылы Әбдрашит Бектемiсов «Қайнар» баспасына директор болып ауысты. Сол уақыттан бастап Қазақ күнтiзбесiнiң редакциясы «Қазақстан» баспасына өттi.

Керек  дерек
* 1981 жылы Ресейдiң Кострома қаласында күнтiзбелердi шығаратын арнайы фабрика салынды. Онда бiрнеше тiлде күнтiзбелер басылатын.
* Қазiргi бiздiң қолданып жүргенiмiз – Грегориан күнтiзбесi.
* Әлемде еуропа, мұсылман, иуда, француз революциясы кезiндегi күнтiзбе, Шығыс күнтiзбелерi қолданылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста