Қазақ ертегілері мультфильмге сұранып тұр

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қазақ тілінде түсірілетін мультфильмдерге көңіл бөлініп келеді. Бұл орайда мультфильм саласы тәуелсіздік алған жылдардан бастап қарқынды дамыды деп айта алмаймыз. Себебі мультфильмдер тұрмақ, қазақ киносы да біраз жылдар бойы кенжелеп қалғаны жасырын емес. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруымен бірге рухани, мәдени, соның ішінде кино, театр, музыка, көркем өнер салаларына да көңіл бөліне бастағаны анық.

Мультфильм жасаудың кәсіби маманы болмасам да, балаларға арналған туындыларды дүниеге әкелуге талпынып жүргеніме бес-алты жылдың жүзі болды. Суретшілік өнерім болған соң, осы өнерімнің арқасында компьютерлік бағдарламалардың көмегімен заман талабына сай мультипликациялық шығар­маларды дайындауға бет бұрдым. Сон­дықтан бұл саланың оңай емес екенін танып, біле бастадым. Әрине, ең бірінші мәселе ол өзіңді өзің кәсіби тұрғыдан шыңдау мәселесі. Білетін мамандардан кеңес алып, білмегенімді үйреніп, ол тәжірибеде қолданып, азды-көпті жеке талпыныстарымды байқап көру үшін осы кәсіптің қыр-сырына қанық болуға ниет білдірдім. Мультфильмнің сәтті шығуы жақсы сценарийге де байла­нысты екенін түсіндім. Кейбір адам­дарға сценарий жазып беру туралы ұсыныс жасап көрсем де, жазылғандары көңілімнен аса шыға бермеді. Өйткені мультфильм баланың жас ерекшелігін ескеріп дайындалатындықтан, ең алдымен бұл жерде қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке баса мән берілуі керек. Мульт­фильмнің тілі ұғынықты, жатық, баланың қабылдауына да жеңіл болуы шарт. Осы ретте айта кетерлігі, сценарий жазатын маман ең алдымен баланың ішкі жан дүниесін терең сезінуі тиіс. Бала психологиясын жетік білмейтін, баланың арман-аңсарын ұғына алмайтын сценарийстің жазғанынан сәтті туынды шығады деп айту қиындау. Сон­дықтан мультфильмге сценарий жазу да бір қарағанда оңай шаруа емес.
Бүгінгі нарықтың талабы ол бәсеке­лестікке төтеп беру. Кім қандай туынды ұсынса да, ол бәсекеге қабілетті болуы керек және ол көрерменін қызықтыруы керек. Бұған мән берілмесе, нарықтың заңдарына сай жұмыс істеу қиынға соқпақ. Ең басты айта кететін мәселе, қазіргі кезде мультфильм жасау жөнінде өздерінің ізденістерін байқатып жүрген жастарымыз өсіп келеді. Соларға мемлекеттік дәрежеде қолдау көрсетіп, ондай жастардың тәжірибе алма­суына, мүмкіндігі болса шет мемлекет­терге барып, олардың тәжірибесінен үйреніп қайтуларына жағдай жасалса құба-құп. Сонымен қатар халқымыздың ауыз әдебиеті, фольклоры, ертегілері мен аңыз-әфсаналары, жырлары мен дастандары өте көп екені анық. Олардың әрқайсысы тұнып тұр­ған тақырып. Тек ретін тауып, мульт­фильм туындыларына ыңғайлай білсең болғаны. Сол себепті біздің ашылмай жатқан қазынамыз іспетті болып отырған ауыз әдебиетіміз, ертегілеріміз, ондағы кейіпкерлердің барлығы бір-бір мультфильм кейіпкерлеріне сұранып тұр. Осы күнге дейін Алдаркөсе, Тазша бала бей­нелері мультфильмде азды-көпті сомдалып жатса да, сол бір ертегілерімізде әлі де қамтылмай қалып жатқан көптеген кейіпкерлер бар. Ендеше, мұндай үдерісті нәтиже берерліктей жолға қоя білсек жет­кілікті болар деп ойлаймын. Өйткені қа­зақ ертегілері мультфильмге сұранып тұр.

anatili.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста