Қазақ актрисасы эротикалық сериалда басты рөлді сомдамақ
Белгілі актриса Аружан Жазылбекова «Алтын орда» туралы тарихи хикаядағы басты рөлдердің бірін сомдамақ, деп хабарлайды "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.
Тарихи хикаяны «Первый канал» арнасы түсіруде. Продюсерлердің айтуынша, хикая эротикалық эпизодтарға бай болмақ.
Сондай-ақ, фильм продюсерлері хикаяны фэнтези жанрындағы «Игра престолов» хикаясы іспеттес болады деп отыр. Фильм желісінде эротика мен қантөгіс көптеп кездесетін болады. Бұл тұста «Алтын Орда» фильмінің екі нұсқасы назарға ұсынылмақ: бірі телеэкранға арналып ондағы оқиғалар қиылып тасталса, екіншісі ғаламтор көрермендеріне арналған толық нұсқа.
Фильмде отандасымыз басты рөлде сомдайтын болады. Фильм сюжеті Берке хан хандық құрған кезеңді суреттейді. Бұл тұста хикаяда екі тарихи тұлғаға орын берілгенін айта кету керек. Бірі – орыс князьдіктерінің басын біріктіруді қалайтын Ярослав князь бен өз империясын басқаруда қаталдығымен аты шыққан Берке хан.
Оқиға желісі былайша өрбиді: Алтын Орда елшісі Тәңір-Темірдің Борис князьдің әйелі Устиньяны алып кету үшін Владимирге келіп, орнына Ярославқа сый ретінде Нарғыз есімді сұлу күңін тастап кетеді.
Сол арада Нарғыз рөлін сомдайтын Аружан Жазылбекова өзі кастингтен өткенін айтып, қуанышымен бөлісті.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: «Бүгін «Первый канал» арнасының ауқымды «Алтын Орда» жобасы түсірілімінің алғашқы күні. Басты рөлдердің бірі! Мені шымшып алыңдар немесе валерьянка беріңдер!», - деп қуанышын жасырмады.