Қазақ әйелі туралы көрме

Қазақ әйелі туралы көрме

Алматыдағы  Ұлттық кітапхананың көрмелер залында Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел–әлем, әйел–өмір, әйел–жыр» атты көркем безендірілген кітап көрмесі ашылды.
Нәзікжандыларға арналған ерекше көрме үш бөлімнен тұрады. «Әйел – ұлттың діңгегі» атты бөлімде ҚР «Ерлер мен әйел­дердің тең құқықтарының және тең мүм­кін­діктерінің кепілдіктері туралы» Заңы, Қазақстанның гендерлік саясатының мате­риал­дары мен құжаттары ұсынылды.
Келесі бөлім «Ана ғұмыр» тақырыбын қамтыған.
Бұл бөлімге Қазақстан ақын-жазу­шы­­ла­рының, көрнекті қайраткерлердің ар­дақты аналарға арналған еңбектері қо­йыл­ды. Олардың арасында белгілі жазушы әрі драматург Тахауи Ахтановтың таңдаулы драмалық туындылары, қазақ халқының қаһарман перзенті Бауыржан Мо­мыш­ұлының «Музей апа» атты әңгімелер жи­нағы, халық жазушысы Әзілхан Нұр­ша­йықовтың еңбектері және т.б.  көптеген  материал бар.
Үшінші бөлім «Қазақстан өнерінің жұл­дыздары» деп аталады. Бұл бөлімге қазақ халқының бұлбұлы Күләш Бай­се­йі­това, Халық Қаһарманы Роза Бағланова, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қа­зақ­станың халық әртістері Шара Жиенқұлова, Әми­на Өмірзақова тағы басқалары туралы кітаптар мен құжаттар мен фотосуреттер қойылған.  Көрме жұмысы аналар мерекесі өткенше жалғасады. Келем деушілерге есік ашық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста