Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов желіде көлемді жазба жариялады. Үш рет үйленген актер соңғы уақытта ел назарында. Желідегі оқырмандары актердің әр сөзін салмақтап, ой қосып отырады.
Әбдіхалықов бұл жолы әйел тақырында сөз қозғады. Үш рет некелескен ол әйелдердің артықшылықтары жайлы айтты.  
 
"Төле би айтқан екен. Жылқының жылқыдан артықшылығы жүйріктігінде емес, тұлпарлығында емес. Түбінде жылқыны жейміз, сондықтан бір асым еті артық. Әйелдің әйелден артықшылығы сұлулығында, сымбатында емес. Әйелдің қылығы артық. Әр әйелдің жарасымды қылығы болады. Ал жігіттің жігіттен артықшылығы батырлығында да емес, қолбасшылығында да емес. Сөзінде тұра білсе, сол жақсы деген екен", - деп жазды.
Бұл жазба көпті ойландырып қойды. Желі қолданушылары әйелдерге қатысты сұрақ қойып жатыр. 
"Қай әйеліңіз қылықты болды?", "Дұрыс айтылған. Әйел әйелден сұлулығы үшін артық болмайды", "Жігіттер уәдесінде тұру керек, сол үшін де еркек деген атқа ие", " Мықты айтылған, билеріміз шешен болған ғой, таласарға сөз жоқ", "Сіз уәдеңізде тұратын азаматсыз ба?", "Жылқы жылқыдан жүйріктігімен артық болса, несі айып?", - деп жазды олар.