"Қатты ренжідім!" "Аспанға қараймын" әнінің авторы Абай Бегейдің былығын ашты

Әнші Абай Бегейдің "Аспанға қараймын" әні естілсе, кезінде талай тойдың көркін қыздырған әуен еріксіз еске түседі. Аталмыш туындының шығу тарихы да көпке қызық.
Танымал хиттің авторы — Дәуір Абайұлы Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында бұрын-соңды айтылмаған эксклюзив ақпараттармен бөлісті. Сазгердің сөзінше, бұл ән бейтаныс аруға арналған.

"Жалпы, бұл ән 2009 жылы күз айында шықты. Бір күні құжаттар жинау үшін халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) барған кезде жас қызды көрдім. Сол жерде практикада жүрсе керек... Сол қызға бір көргеннен ғашық болдым. Бірақ, ол қызға сезім білдіруге тілім бармады. Ертеңінде қайтадан бардым құжаттарды өткізуге. Сол қызды көруге құштар боп тұрамын. Ондай бір сұлулықты қыздардың арасынан мен көрмеген едім. Ғашық болған кездегі өзгерісті әйелім де үйде байқап қойса керек, бірден не болғанын сұрады. Сұмдық сұлу қыз көрдім, ғашық боп қалған сияқтымын, сол қызға өлең шығару керек деп ашық айттым. Кейін түннің ортасында "аспанға қараймын, жұлдызды санаймын..." — деп өлеңі мен әуенін жаздым. Одан кейін таңғы төртте әйелімді оятып, тыңдатып көрдім. Айтпақыш, ол қызбен алты жылдан кейін танысып, кездестік. Жігіті бар екен. Алматыдағы ең танымал мейрамхана қожайынының қызы екен. Уақыт өз дегенін алады екен ғой. Өзгеріп кеткен, балалық сұлулық деген жоқ. "Аспанға қараймын" әні өзіне арналғанын естігенде "шок" болды", — дейді Дәуір Абайұлы.

Бұл әуеннің бірден тыңдарман жүрегін баурайтынын бірінші байқаған Ұлықпан Жолдасов екен.
"Ұлықпан Жолдасов үш рет қатарынан тыңдап, қолыңды әкелші деді. Мына әнің хит болады деп бағасын берді. Бұл әніңнің аты "Ай мүсін" болмайды, бұл әнді халық "Аспанға қараймын..." деп атап кетеді. Ұлықпан Жолдасов дәл осылай болжам айтты. Сосын бұл әнді біз — "Каспий" тобы орындасақ қалай болады деді. Ал, оған дейін мен Ұлықпан ағадан ән сұрағанмын. Ол кезде гонорар ретінде бес мың доллар сұраған еді. Біраз уақыттан соң Ұлықпан Жолдасовтың өзі менің алдыма келіп тұр. Мына әніңе бес мың доллар беремін деді. Кейін "Каспий" тобы тарайтын болды. Ұлықпан аға бұл әнді Абай Бегейге берші, Абайға қаншама ән жазып, клип түсірдік әлі біреуі өтпеді, хиті жоқ деді. Ақшасын өздерің келісесіңдер деді. Сөйтіп, 700 долларға келісіп, қолыма 500 долларды берді. Алғашқыда Абай бұл әнді ұнатпаған. Кейін Ақтауда қонақтар қайта-қайта орындауын сұраған соң, бірден хит болатынын сезіпті. Негізі бұл ән хит қылған батыс өңірінің тыңдармандары", — дейді сазгер.

Автордың айтуынша, халық арасында хитке айналған туындыға қатысты қызықты деректер пен даулы әңгімелер көп. Тіпті, шет ел жұлдыздарының да назарына іліккен.
"Бұл ән — Тиматидің сүйікті әні. Ол Еуропадағы турнесінде ылғи концертін осы "Аспанға қараймын" әнімен бастайтын. Тіпті, араларыңызда қазақстандықтар бар ма, шымкенттіктер бар ма деп сұраған кездері де болған. Ол да бұл әннің мәртебесін одан бетер көтеріп жіберді. Одан кейін Елбасы президенттік сайлауға түскен кезде телеарнадағылар мені шақырып, осы әннің сөзін өзгертіп, патриоттық ән қылып айтсақ деп рұқсат сұрады. Мен келістім. Бұл ән жайлы түрлі әңгімелер болды. Мәселен, Роза Рымбаева "Аспанға қараймынды" ән деп санамаймын, тыңдамаймын, мұндай әнді айтпаймын деген еді. Құдайдың құдіретін қарасаңызшы, тура сол әнді Роза Рымбаеваға шырқатып қойды ғой. "Аспанға қараймын" әнімен Ақылбек Жеменейдің "Қызыл өрік" әні қатар шықты. Кейін "Қызыл өрік" өшті", — дейді хиттің авторы.

"Аспанға қараймын" әні Абайдың жұлдызын жаққанымен, автордың әншіге деген өкпе-реніші көп көрінеді. Келтірер дәлелдері де жетерлік.
"Абай Бегей 2016 жылы Алматыдағы Республика сарайында концерт бермекші болды. Сол кезде концертке қатысасың деп тұрып, қатыстырмай қойды. Бірақ, қонақ болып кел, мен сені елге таныстырамын деді. Сахна сыртында Абайды құттықтадым. Концертте таныстыратын шығар деп отырдым, таныстырмады. Сол концертте "Аспанға қараймын" әнін өзі айтты, кубалық топпен және патриоттық нұсқада айтты. Үш рет шырқалды. Мен туралы ешкім айтқан жоқ, концерт аяқталды, сахна жабылды. Сол кезде менің достарым: "Ей, Абай, әннің авторын неге айтпайсың? Қызғанып жүрсің бе?" — деп айғайлады. Бірақ, оны тыңдап жатқан ешкім жоқ, концерт бітті де қалды. Ренжуге тұратын жағдай ғой. Кейін Ұлықпан Жолдасов кешірім сұрады. Осы әнмен нан жеп отыр, осы әннің авторын шақыра салуға болатын еді", — дейді Дәуір.
Абай кейін бұл олқылықтың орнын толтыруға тырысқан. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы концертіне "Аспанға қараймын" әнінің авторын шақырыпты. Бірақ, әнші мен сазгер арасындағы өзара түсініспеушілік толастар емес...
"Нұрлан Қоянбаевтың студиясына шыққанда, Абайдан осы әннің тарихы қызық, авторы кім деп сұрады. Сол кездегі Абайдың жауабы: "Бір күні Ұлықпан аға мені студияға шақырды да, осындай ән бар деп айтты", — деді. Сонда жұрттың барлығы бұл Ұлықпан Жолдасовтың әні екен деп сеніп отыр ғой. Халықтың бәрі солай деп ойлағаны рас. Кейін ренжігенде, монтажбен қиып тастады деп айтты. Жарайды, оған да сендім. Одан кейін үйлену тойына мені ғана шақырмапты. Сол күні ғана Instagram-нан білдім. Қатты ренжідім. Елдің тойға әкелетін сыйлығын мен де беретін едім ғой", — дейді Дәуір Абайұлы.
Қазіргі таңда Абай Бегей мен автордың тек сәлемі түзу. Бірақ, шығармашылық байланыс әлдеқашан үзілген.
"Абай Бегей жақында ғана маған жақсы әндер керек боп жатыр, ойланып көрші деген. "Аспанға қараймын" әнінен кейін менің "Шанс" деген әніме қатты қызықты, жүгірді. Бірақ, Абайға қатты ренжігендіктен бермеймін, қоя қой дедім. Бәлкім, "Дәке, мынау көліктің кілті саған, ризамын" десе, түнімен отырып тағы бір ән шығарып тастауым мүмкін", — деп сөзін түйіндеді сазгер.
Экспресс К

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста