Қасым тағдырын ақындарымызға тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын

Баспана және Қасым... Несін жасырамыз, бүгінде баспана десең – Қасым еске түсіп, Қасым десең – баспана ойға оралатын болды ғой. Тіпті «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тас­та­маймын астанамды» деген екі ауыз сөзі ақын тағдырымен егіз жандардың аузынан түспейтін мәтеліне қалай айналып кеткенін де сезбей қалыппыз. Әрине, ақын сөзінің мәтелге айналғаны жақ­сы ғой, бірақ тура сол тағдырдың кейінгі жастардың басына да тап солай түсуі – қасірет. Ал шығармашыл жандардың басына түс­кен қасірет – әдебиеттің аяғына салынған тұсау, мойнына түс­кен қылбұрау. Бүгінгі таңда Қасым салып кеткен «қасқа жолмен» (бас­панасыздығын айтамын) қаңғып келе жатқан ақын­дары­мыз­дың қарасы көбейіп барады. Не ақын көп, я ақынға берер пәтер жоқ. Қысқасы, Қасымның баспанасыздығы жайында аңыз ғып айтып келген әңгімеміз ақиқатқа айналып бара жатқандай ма, қалай өзі?
Қасымның тұрмыстық жағдайына сәл шегінсек. «Үйіміз Алматының шығыс жақ шетінде, таудың нақ етегінде, бір кезде Жазушылар союзының дачасы, кейінірек Қазақ драма театрының жатақханасы бол­ған үйлердің бірінде болатын. Орта­лықтан алыс, қараңғы, тар, лас көшені Городская деп атайтын. Сол көшеде, 69-үйде, бір корпуста, бір бөлмелі (басқа түгі жоқ) үйде менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді қанша тұрармыз, кім біледі?)
Бұл тұңғиық түпкірге мен ағам Ахметжанмен бірге 1938 жылы келіп орналасқам. Бір бөлмеде — ол кісінің үй іші, екінші бөл­меде – менікі», – деп, ақын күнделігінде тұрып жатқан үйінің жалпы көрінісін осылайша суреттейді. Осы кеп, осы күй қазіргі жас ақындарымызға да «жақсы» таныс.
Ал Қасым Аманжоловтың жары Са­қып­жамал анамыз қуықтай бөлменің ішін былайша «дестелейді»: «Бөлмеде бар бол­ғаны – бiр темiр пеш және екеумiздiң төсегiмiз ғана. Тiптi ас iшетiн, жазу жазатын үстел қоюға орын жоқ. Кiшкентай қара чемоданның үстiне қағаз жайып, ас iшетiнбiз. Сол чемодан Қасымның жазу үстелi де болды. Сол кездегi барлық шығармасын Қасым сол қара чемоданды тiзесiне қойып отырып жазды...». Міне, ақынның Ал­матыға келіп орын тепкен мекені осындай еді. «Баспана» өлеңі осы шатырдың астында, қара чемоданның үстінде туады.
Үйі жоқтың күйі жоқ. Осы үйден қар­шадай қызы Дариға ауру табады, өздерінен береке қашады. Өмірдің бейнеті Городская көшесінің қалаға ұқсамайтын қуысынан басталады. Қаншама жыл пәтерге қолы жетпей, қиналып кетеді. Мемлекет жөні түзу жерден там салуға ұлтарақтай жер де қимайды. Ал ақжүрек ақын: «Қасымның атағын естіп алыстан адамдар келсе, оларды мына «үйіне» шақыра алмай қысылады. Олар қайдан білсін, – Қасымның тұрмысы министрдің тұрмысынан кем емес деп ойлайтын шығар», – деп, келер қонағына үйінің бұрышынан орын табылмайтынына қысылып, тарығады.
Мұның бәрі ақынды қанша сарсаңға салып, дал қылса да, Қасым өмірге деген құш­тарлығын бір сәтке де жойған жоқ, «өлеңінің отын жағып, әйелі мен жас баласын жылыта» берді. Өз елі өзекке тепсе де, «енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» дегендей:
— Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын,
Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да,
Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын.
Аспан мен жер — бәрі де үйім менің,
Сенің көркің, астанам, сүйінгенім.
Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып,
He қиындық болса да, иілмедім,
– деп өз-өзін жұбатады.
Осылайша Қасым Аманжолов бүгінде баспанаға зар болып тентіреп жүрген ақын­дарымызға «баспанасыз ақынның» идеалды тұлғасына, жаншылған рухтарды жани түсетін рухани ұстазға айналады.
 Жалпы, баспана мәселесі ХХ ғасырдың ортасынан жырға қосыла бастады. Қасым Аманжолов бастаған бұл тақырып талай ақынның өлеңіне өзек болды. Көп ақынның маңдайы пәтер мәселесіне тигенде, Қа­сым­ға арқа сүйеп, ақынның рухымен сырласады, базынасымен бөліседі. Қасымның баспанасыздығы оның басын еш уақытта төмендетпеді. Қайта кейінгі ақындардың баспана проблемасының беташары болды. Сол үшін де Қасымның ақындығы ас­қақ­тады. Тек бір өкініштісі – оның маң­дайына жазылған сол тағдырдың әлі күнге дейін кейінгі жастардың да басты проблемасы болып келе жатқандығы. Қаншама қаламгерімізді өзгенің босағасында тентіретіп қоюымыз – осының айғағы.
Қасымның «ізін басқан» аға буын ақындарымызды тізе беруге болады. Біз тек бірен-саранын келтірейік.
Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ, ақын:
— Жас бала демей қарбытып,
Баспана бермей қаңғытып,
Тойласын соңғы жеңiсiн,
Солардың жерi кеңiсiн.
Өлтiрмей Құдай жөнiмен,
Ойнап жүр ендi менiмен.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын:
— Көшемін ертең, босатам Коляның үйін,
Бұл көшу маған, әрине, болады қиын.
«Турчатник» жақта тұрақтап
                                              үйренген едім –
Тоңады миым,
Санамда соғады құйын...

Әлібек ШЕГЕБАЙ, ақын:
– Ілдебайлап өмір сүріп келем мен,
Пәтер жалдап мына зәулім қаладан.
Бір жақсылық болатынын білеміз,
Адам емес, Алладан...

«Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылықта», – деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, мұндай проблемаға жастарымыз да ұрынып, өлең жазып жүрген жас ақындарымыздың да саны аз емес.
Ерқанат КЕҢЕСБЕК, ақын:
— Кезінде көтерген әкем де
Қоғамның зілмауыр салмағын.
Көшумен пәтерден пәтерге,
Бабамның арманын жалғадым.

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ, ақын:
— ...Әумесер әнге сал әпендiм,
Ақынды алқайтын әкең кiм?
Қасым боп келемiз көш түзеп,
Соңында сор болған пәтердiң...
Тағдырға қасқайып тұрамыз,
Алашта айтылар бiр аңыз.
Қасымға бермеген пәтердi,
Алмайтын шығармыз мына бiз...

Р.S.
Бұл баспана проблемасы Жұма­тай Жақыпбаевтан бастап, Ғалым Жайлыбай жалғаған орта және кейінгі буын ақындарын да айналып өтпеді. Бұл мәселені көтерудегі себебіміз, қай қазақты алсаң да, екі ауыз өлең құрай білген деп қарамай, халық мойын­даған ақындарымыздың бағасын беру қажет деп санаймыз. Билік мойындаған емес, халық мойын­даған ақындарымызға мемлекет жағдай жасауы керек. Себебі, жасыратыны жоқ, қай заманда болсын, қай билік болсын сарай ақын­дарына ие болғысы келген. Ал бұл – әдебиетке қиянат. Сон­дықтан да мемлекетіміз ақын­дары­мызға билікке ода айтқыз­бай-ақ, баспанамен қамтамасыз етуге міндетті деп есептейміз. Әйтпесе Қасым тағдырын кейінгі ақындарымызға да тартқызып қою – мемлекеттігімізге сын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста