Қасиетті Қағбаның Сыр бойындағы көшірмесі

Қасиетті Қағбаның Сыр бойындағы көшірмесі

Қадым заманнан бері қазақ жерінде құпиясын тарихтың қойнауына бүккен қасиетті орындар жетерлік. Өкініштісі, олар жайында кейінгі ұрпақ там-тұмдап қана біледі. Бәлкім, насихаттың аздығынан шығар. Бағзы кезеңнен бері оңтүстік өлкеде сылаң қағып аққан Сырдың бойында сыры ашылмаған орындар бар. Соның бірі – Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы тұсында жатқан Қағбаның көшірмесі. Сауд Арабиясында қоныс тепкен бұл қастерлі орынның көшірмесі неліктен Сыр топырағында жасалған? Ескіден жеткен есті әңгімеге құлақ түрсең, аталмыш сауалдың түйінін тарқату қиынға соға қоймайды.

Кесене аудан орталығынан онша қашық емес. Жаңақорған қонысына 30 шақырымдай жерде жатыр. Қызылқұм беткейінде қоныс тепкен. Ауданның Қыркеңсе ауылынан 15 шақырымдай жол жүресің. Адыр-адыр құмдар арасындағы қасиетті орындарға қарай отырып, өткенге еріксіз көз жібересің.

Әңгіменің әлқиссасын әріден өрбітелік. Барша мұсылман баласына Әбдіжалил бабтың есімі белгілі. Ислам дінінің өрбуіне өлшеусіз еңбек сіңірген бұл кісі Әзірет Әлінің (Әли Әбу Тәлиптің) кіндігінен тараған жетінші ұрпақ болып табылады. Яғни Хазірет имам Хұсайын әулетінен екен. Осыдан он екі ғасырдай бұрын өмір сүрген. Сегізінші ғасырдың екінші бөлігінде Йеменде патшалық құрыпты. Әбдіжалил баб дінді дәріптеуге өте жанашыр пейілде болған көрінеді. Осы мақсатта ұзақ жолға шығады. Қасында бауыры Ысқақ бар. Қол астындағы 150 мың әскерімен біраз жерді шарлайды. Әбдіжалил баб Сырдың жағасында да жорық жасаған. Әйгілі бабамыз осы сапары барысында қоршауда қалып, жау қолынан қаза табады. Елдің аузында Әбдіжалил баб жайында аңыз әңгімелер айтылады.

Оның асқан білімді болғаны түрлі тарихи кітаптарда жазылған. Елдің түрлі дертіне дауа іздеген. Оған қалың қауым Қорасан деп лақап есім берген екен. Атақты азаматқа бұл аттың берілу себебі бар. Ол кісі шешек ауруына шалдыққан адамның үстінен аттаса, сол сәттен кейін әлгі адам дертінен құлан-таза айығып кеткен.

Атақты баб кесенесінің жанында баласы Үсейін (Хұсайын) бабаның да кесенесі тұр. Ол әкесіне тартқан екен. Бір басына жететін ілім-білімі болғанға ұқсайды. Бұл бабамыздың есімі жалпақ жұрттың жадында қалған сол Қағба оқиғасына қатысты сақталған. Әбдіжалил баб намазын қаза етпейтін адам болыпты. Үнемі ат үстінде жаугершілік заманда өмір сүрсе де, бес уақыт намазын оқиды. Сондай-ақ әрбір жұма күні Меккеге барып қайтады екен. Оған көп уақытын сарп етпейді. Астына Ақмаяны мініп, желдей ұшып, жетер жеріне көзді ашып-жұмғанша барады. Онда Бамдат парызын өтеп қайтады. Оны баласы Үсейін (Хұсайын) сезіп жүреді. Күндердің күнінде әкесіне қолқа салады. «Әке, сізді әуре қылмай рұқсат етсеңіз, Қағбаны осы жерге алып келсем, қалай болады?» дейді. Әкесі баласын сынауға бел байлайды да рұқсат береді.

Арада біраз уақыт өтіпті. Бір күні баласы үйге келеді. Ол Әбдіжалил бабқа «Әке, Қағбаны алып келдім. Қай жерге орналастырайын?» дейді. Дереу сыртқа шығады. Сөйтсе, есік алдында кілем үстінде биік Қағба тұр. Ауыл таңырқасып қарап қалған. Баб баласына оны сынау үшін айтқанын, енді баласының ілімі мен құдіретіне көз жеткізгенін айтады. «Қағбаны жерге түсірмей, көлеңкесін сызып алып қалайын. Сосын қайта орнына алып барғаның абзал болады» дейді. Қасиетті Қағбаның аяқ асты болмауын қалап, осылай өз байламын айтыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін Қағбаның көлеңкесі қалған жерде оның көшірмесі жасалады.

Одан бері қаншама ғасыр өтті. Бұл қасиетті орынға зиярат ететін халық нөпірі көп. Әрине, оны Мекке төріндегі нағыз Қағба санауға негіз жоқ. Дегенмен екі адамның бірі Арабия түбегіне жол тарта алмайды. Ал мұнда мұсылман жамағаты жиі ат басын бұрады. Әсіресе, Құрбан айт мейрамы кезінде адам аяғы үзілмейді.

Атағы кеңге жайылған ғұламалардың ұрпағы Серік Бабамжарұлы мынадай әңгіме айтып берген еді. Меккедегі Қағба секілді бұл жерді де зиярат етушілер жеті мәрте айналып өтеді екен. Құраннан хабары бар жұрт екі бас намаз оқиды. Қағбаның көшірмесінің жанында ағып жатқан кішкене бұлақ бар. Бұл жерге келгендер одан шөлін басып, зәмзәм судан ішеді.

Әкесінің алдындағы бір борышын өтеуге бекінген Үсейіннің (Хұсайын) бұл ісі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып айтылып келеді. Ескіден естуімізше, зиярат етіп келген ел ең алдымен ниет жасауды Үсейін (Хұсайын) бабадан бастайды. Оны Әбдіжалил бабтың өзі кейінгі ұрпаққа өсиет етіп кеткен көрінеді. Себебі баласы әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың биік шоқтығын көзі тірісінде көрсетті. Борышын баласы адал өтей білді дегенге саяды.

Осылайша, Әбдіжалил баб пен оның ұлы Үсейін (Хұсайын) баба жатқан өңір елдің аузында «Қорасан әулие» атауына ие болды. Бұл мекен күллі мұсылманға қасиетті орынға айналды.

Елдің аузында қалған тағы бір аңыз бар. Әбдіжалил баб намаз оқыған немесе сол кісінің қасиеті арқасында ашылған бұлағы бар жерлер көп көрінеді. «Алматы облысының Жамбыл ауданы аумағында осындай орын бар» дейді көнекөздер. Көне заманның біз білмейтін құпиясы әлі де көп-ақ...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста