Қарымды қаламгер еді...

Қарымды қаламгер еді...

Қазақ әдебиеті ауыр қазаға душар болды. Талантты жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, «Ан Арыс» баспасының Бас редакторы, халқымыздың аяулы перзенттерінің бірі Талаптан Ахметжан 48 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.

Т.Ахметжан 1961 жылы Шығыс Қа­­зақстан облысы, Күршім ауданы, Терек­­ті­бұ­лақ ауылында туған. 1979 жылы Өскемен қа­ласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітіріп, Өскемен құрылыс-жол институтына оқу­ға түседі. 1985 жылы ин­­ститутты бітіріп, құрылыста мастер, Шы­­ғыс Қа­зақ­стан облыстық телерадио ко­ми­­тетінде редактор, республикалық «Қа­зақ әдебиеті» газетінде тілші, бө­лім меңгерушісі, Қазақстан Респуб­ликасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат ми­нистр­лігінде Бас маман, «Егемен Қазақ­стан» газетінде бөлім редакторы, «Пара­сат» журналында Бас редактордың орын­басары қызметтерін атқарған. 2002 жы­лы 27 сәуірде ша­қырылған Қазақстан Жазу­шы­­ларының кезекті ХІІ Құрылтайында Қазақ­стан Жазушылар одағы басқарма Төра­ға­сы­ның орынбасары болып сай­лан­ған. 2007 жылы 6 маусымда шақырылған Қазақ­стан Жазушыларының кезекті ХІІІ Құрыл­тайында Төрағаның орынбасары бо­лып қайта сайланған.
Қазақстан шығармашылық жаста­ры­ның Республикалық «Жігер» фес­ти­валінің, Қа­зақстан Жазушылар ода­ғының Оралхан Бөкей атындағы сый­лығының, Қазақстан Жастар одағы сый­лығының, Халықаралық Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың лауреаты.
2002 жылы «О дүниенің қо­нағы» атты кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әде­би сыйлығына ие болған.
«Тұма», «Сұлу мен суретші», «О дү­ние­нің қонағы», «Ақиқат жолы», «Мұң», атты прозалық кітаптары, Таң­дамалы шы­ғар­ма­ларының үш томдығы жа­рық көрген.
«Қараторғай», «Екі жү­рек», «Тазша бала», «Сұлу мен сурет­ші» атты спек­такль­дері республика театр­­ларында табыспен қойылуда. Шы­ғар­малары орыс, түрік, корей тіл­деріне аударылған.
Т.Ахметжан мінезге бай, сабырлы, сыр­баз табиғат, үлкенге де, кішіге де кі­ші­пейіл, еңбекқор, жүрген ортасына қа­дір­лі, сыйлы, жайсаң жігіт еді. Қа­зақ­стан Жа­зу­шылар одағының шаруа­сы шайқа­­лып тұр­ған, өтпелі бір қиын кезеңде бас­қар­ма төрағасының орын­басары қызметіне келіп, одақтың жұ­мы­сының оңалып, жан­­дануына өзі­нің адал еңбегімен, іс­кер­­лі­­гі­­мен елеу­лі үлес қосқан азамет еді.
Оның талант­ты шығармалары әде­бие­ті­міздің жетіс­ті­гінен саналады. Шы­ғар­ма­­ларының нағыз кемелденген, кі­сі­лік кел­бетінің тұлғаланып, толысқан дер ша­­ғында мейірімсіз ажал абзал әріп­те­сімізді арамыздан алып кетті. Оның орны тол­мас қазасы қай-қайсымыздың да қа­быр­ғамызды қайыстырып кеткендей бо­лып отыр.
Оның жарқын бейнесі жүрегімізде сақ­талады. Оның шұрайлы шығар­ма­лары оқыр­мандарымен бірге жасай бе­реді.

Бір ауыз сөз
Мен өз кітаптарымда ар-ұят, адам­гершілік тақырыбын көтеруге ұмты­ламын. Бүгінгі қоғам, ар-ұяттың аяққа басылып жатқаны, жан экологиясы, адам экологиясы – шығармаларымның негізгі өзегі.
Жан-дүниемізді, ар-ұятымызды қа­лай сақтай аламыз?..
 Т.Ахметжан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста