Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның рөлін сомдамақ (фото)

Осы жылы Қазақстанның тұңғыш президенті туралы “Елбасы жолы” деп аталатын киноэпопеяның бесінші бөлімі жарыққа шығады. Кинокартина “Балалық шағымның аспаны”, “Отты өзен”, “Теміртау”, “Тығырықтан жол тапқан” фильмдерінің желісін толықтырады, деп жазады NUR.KZ.

Актриса Бибігүл Ақтан Instagram парақшасында түсірілім алаңындағы кейбір сәттермен бөліскен. Әртіске Динара Назарбаеваның рөлі берілсе, Дариға Назарбаеваның болмысын белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайды.
“Киім өлшейтін бөлмеде Қарлығаш Мұхамеджанованы кездестіріп қалдым. Ол менің кинодағы туған әпкем Дариға Назарбаеваның рөлін ойнайды, ал мен Динаранікін”, – дейді актриса.

“Елбасы жолына” кіретін бес фильмнің сценарийін танымал қазақстандық драматургтер Шахимерден Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары желісімен жазған. Сондай-ақ, фильмде елбасының әріптестері, достары айтқан естеліктер де қолданылған.

Фильмде бас рөлді қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдайды. Ол қалың көрерменге “Махамбет”, “Мұстафа Шоқай” туындылары арқылы жақсы таныс.

Елбасының өмір жолын баяндайтын кинотуындының жалғасы Қазақстан, Ресей, Еуропа, АҚШ және шығыс елдерінің аумағында көрсетіледі.

Кинокартинаның креативті продюсері ретінде Фархат Әбдірайымов таңдалған.


nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста