Қарақат инстаграмдағы оқырмандарына ренжіп қалды

Қарақат инстаграмдағы оқырмандарына ренжіп қалды

Әнші, көпбалы ана Қарақат өзінің жеке парақшасына 6 балалы келіншекке көмек көрсетпек мақсатта жазба қалдырған болтын. Алайда оқырмандары оның қайырымдылық туралы жазбасына емес, әншінің келбетіне баса назар аударыпты. Бұл туралы әнші былай деп жазды: 

  Мен соңғы жазбама білдірген пікірлеріңізді оқып, қайран қалып отырмын, құрметті оқырман!

Қайырым жасау, обал-сауап, алты баламен жалғыз қалған ананың қасіреті жайлы жазылған дүниеге тілектестік білдірудің орнына "ерніңді ісірдің бе?", "бетіңе ине салдырдың ба?", "тісің немене?", "сол қайырымды концертсіз-ақ бере салмайсың ба?" деген құнсыз, ойсыз сұрақ қою әділетті ме?! Менің парақшамда соншалықты жүрексіз адамдар отыра ма?!
Ал сізге қайырымдылыққа қарағанда менің бет-әлпетім, ернім мен тісім қызық болса, айтайын: түк те жасатқам жоқ. Ал, тісімдегі брекеттің қызметі, рөлі туралы интернетте тұр, қарап алыңыз. Оны ешкім сән үшін қойдырмайды,деннің саулығы үшін салдырады!
Кейде "адамдар неге осынша ашынып кеткен екен. Неге әр адам өзін тәрбиелеуге болмайды? Жаман сөз шыққан ауыздан жақсы сөз неге шықпайды екен?" деп, күрсінемін.Шынымды айтайын, соңғы постыма жарыса жазып жатқан комменттеріңізге қарап "осы біз ел болмаймыз-ау!" деп, шошып отырмын. Мен бұл посты сіздің жаныңызды ашытып, көңіліңізді аудару үшін емес "бір тамшы болса да алты баламен жесір қалған анаға тамсын, екі-ақ күн қалды ғой, үміттеніп отыр, бір қажетіне жарасақ екен..." деген оймен салдым.
Мен де анамын. Қоғамда болып жатқан қаншама сұмдықтар жүрегімнің сүзгісінен өтіп, жаныма әсер етіп жатады. Соның бәрін саралай келе, "қолымнан келетіні осы концерт болған соң,бір қайырым жасайыншы" деген ойдан туған дүние еді."Жыртық үйдің Құдайы бар". Бір мәнісі болар...
Қайырымға зәру сол адамдар ең болмаса сіздің селқос, мұп-мұздай етіп жаза салған сөзіңізді оқып, көңілі түспесін!
Адамнан адамның артықтығы жоқ. Тек санасында, өресі мен пейілінде ғана.
Бұлай ақталмауыма да, түк жазбауыма да болар еді. Басқа басқа, қайырымдылық жөніндегі әңгімемнен бірін бірі жалғап әкеткен мәнсіз пікірлерді оқып отырып шыдай алмадым.
Әркім не жазса да өзі білер. Бірақ, әр сөзіміз үшін жауап беретінімізді ұмытпайық, адамдар...


Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста