Қарақат Әбилдинаны перзентханадан шығарып алуға жүзден аса адам жиналды

 Таяуда ғана төрт баладан кейін қыз босанған белгілі әнші Қарақат Әбилдинаны перзентханадан шығарып алуға жүзден аса адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жары Қыдырәлі Болманға сілтеме жасап. Әншінің өнер жолындағы құрбылары оны перзентханадан арнайы флешмобпен ұйымдастырып шығарып алыпты. Қыдырәлі Болманның айтуынша, бұл флешмобты белгілі әншілер Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева, Тамара Асар және тағы да басқа адамдар ұйымдастырған.

"Алла бере салғанымызды аман-есен үйге алып келдік! Әр бөпеміз дүниеге келген сайын үміт пен "жаны аман қалса екен" деген тілекпенен періште сәбиіңді асыға күтесің... 9 ай көтеріп, әр сәбиді өмір мен өлімнің арасында дүниеге әкелетін әрбір Анаға тоқтай қалып, басыңды игің келеді! Қақатымның жанын аман-есен қалдырып, отбасымызды бақытқа бөлеген, жүрегімізді қуанышқа кернеткен Аллаға сансыз мадақ! Әр сәбиді дүниеге әкелген сайын жүзі нұрлана түсетін асыл жарыма шексіз рақмет айта отырып, әр сәбиімді құшақтатқан сайын, өзіңе қайтадан ессіз ғашық болатынымды "сыпайылап, сыбырлап, қуанышты да салтанатты түрде жеткізгім келеді", - деп пікір білдірген әншінің жары Қыдырәлі Болманов өлең жолдарын арнады: "Сүйем сүйгенді. Сүйіп туғанды. Шапан кигенді. Жөргек жуғанды! Сүйем сүйгенді. Шашын түйгенді. Шолпы тақақанды. Қамзол кигенді!". Осыдан кейін қуанышы қойнына сыймаған Қыдырәлі Болман ақ тілегін жеткізген жанның барлығына алғыс айтты. "Осы жақсылық сіздерге миллион есе есейіп келсін. Аспан мен жердің ортасында қалықтап біртүрлі күйде жүрмін", - деп пікір білдірді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында. Сондай-ақ, айтуынша, сәбиге қандай есім қойылғаны қырқынан шыққаннан кейін бірақ жария етіледі.
 

Ал өз кезегінде Қарақат Әбілдина құттықтағандарға алғыс айтты. "Іңгəлап жарық дүниенің кеше ғана есігін ашқан, көптен куткен ханшайымымның қуанышына жазған ақ жарма ақ тілектер ағыны мен тосын сый жасап жатқан шынайы достарыма, Алла разы болсын, көңілім көкке жетті. Менің отбасымдағы қуанышқа шын жүрегімен қуанған, тілекші қауымға шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Сəби куткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім. Қуаныш бөліссең көбейер дегендей, сіздерге ризашылығым сонша, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жеріңдей кең пейілді оқырмандарым, ақ жүректеріңнен айналдым", - деді ол. Еске салайық, әнші 15 мамырда қыз босанған еді. Жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. Олар осымен бесінші сәби сүйіп отыр. Алғашқы төртеуі ұл.

kaz.tengrinews.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста