Қарақат Әбілдина: "Жанар Доғалова бәсекелесім емес!"

"Астана жұлдызының" өтіп кеткеніне бір-екі күн болса да дүбірі әлі басылмай тұр. Бұл қуанатын жағдай деп айтса да болатын шығар... Себебі, бұрын осындай байқауларды шет елдерден ғана көрсек, қазір өзіміз де әдемі көйлегімізді киіп, қызыл кілемге шығамыз деп кәдімгідей дайындалатын болдық.
Достарымызбен, жақындарымызбен арқа-жарқа болып жатудың өзі түсіне білгенге бір ғанибет емес пе! Оның үстіне тікелей эфир арқылы республика жұртшылығымен де қауышып жатырмыз. Лайым, ғұмыры ұзақ болсын дегім келеді.
Ал, енді, маған "Сіз жүлдеге лайық едііңіз" деп жазып жатқан тілеулестіріме Алла разы болсын! Әріптес достарым жақсы біледі, әр өнер адамының өзінің ұмтылатын мақсаттары болады. Жеңсем дейтін белгілі дәрежедегі байқаулары, конкурстары болады. Мен үшін "Астана жұлдыздары" жұлқынып кірісетін жарыс емес. "Астана жұлдызы" - өнер адамдарының, танымал тұлғалардың басын қосатын салтанатты кеш.
Мен домбырамды ұстап сахнаға шыққанда титтей бүлдіршін болатынмын, өнерде жүргеніме 15 жылдан асып кетті. Талай додаға түсіп бұйырған несібемді алған адаммын. Бір басыма жететін мемлекеттік дәрежедегі атақ, абыройым бар.
Қыдыр болса, өз еліміз түгілі өзге елдердің де бірталай жүлдесін алып, атақ-даңқтың көкесін көріп, өз биігінде жүрген адам. Біздің қазіргі мақсатымыз - сол қасықтап жиған абыройды сақтап, өз биігімізден төмендемеу.
Сіздердің толассыз жазып жататын лебіздеріңіз біз үшін ешқандай ақшамен өлшенбейтін баға жетпес байлық.
Сондықтан да болар, мен өзім жастармен жағаласып байқауларға қатыса бергім келмейді. Бұл жолы да қарсы болып едім, бірақ менің атымның сол жерде тұрғаны біреулерге қажет болған болу керек, қосыпты...
Жанар - талантты қыз! Конкурс, байқауларға қатысып көрінетін-ақ кезі. Ол үшін қуанбасам, ренжімеймін. Қасиетті Ораза айында артық сөзге бармай тату жүргеніміз жақсы ғой. Барлықтарыңызға рахмет, Алла разы бослын!
Әншінің Инстаграмдағы парақшасында жанкүйерлеріне жазған жауабы

shyn.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста