Қарабастың ерлігі

18 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысына қарасты Семей қаласы Абай ауданының Саржал аулында туған өлкені жоңғар басқыншылығынан қорғаған Қарабас батырдың рухына бағышталып ас беріледі. Осы істің басы-қасында жүрген Сырым Қалиұлы – батыр бабамыздың тікелей ұрпақтарының бірі. Өмір бойы экономист болып еңбек еткен Сырым ата осы орайда әңгіме тиегін былайша ағытты.

– Тобықты жұртына әйгілі болған Мәм­бе­тей елінің батыры Байғазыұлы Қарабас батыр мөлшермен 1725 жылы туып, 1810 жы­лы қайтыс болған, яғни ХVIII ғасырда өмір сүрген.
1723 жылдардағы қалмақтың екінші жойқын шабуылы қазақты «ақтабан шұ­бы­рындыға» ұшыратқаны белгілі. Тобықты жұр­тының басшылары Кеңгірбай би, Қ­а­ра­менде би, Көбей билер мен қолбасшылары Ма­май, Тоқтамыс, Қарабас т.б. батырлар ақылдасып, Шыңғыстауды иемдену үшін қоныстануды Шағанның аяғынан бастау керек деп ұйғарысады. Біріншіден, Шаған бойына шашырай орналасқан уақ, қыпшақ, арғын жұртын кимелей ығыстырып, Мәм­бетей, Үмбетей, Құлық, Ырыс, Қаржау ата­лар­дың Көкен тауына орнықтырады.
 Сол уақыттарда бір-біріне ынтымақты, бірлігі мықты жұрт қоныстана бастаған жерлеріне ие болуды Қарабас батырға тапсырып, одан әрі жылжи береді. Жолға шығар алдында Қараменде бидің: «Мен отау болып өріс алайын, Кеңгірбай би үлкен болып Шыңғыстаудан қоныс тепсін», – дейтіні сол екен.
 Қарабас батыр Мәмбетей елін қоныстандырып, жаудан қорғап, інілерін батырлыққа тәрбиелеген. Тобықты елі жер алып, әбден қоныстанғанша, барлық ма­лы­­на ие болып, жер алу, қоныс тебу жолын­дағы жорықтарға тобықты жауынгерле­рі­нің ат-азығын, елдің сауын малын, соғы­мын қамтамасыз етіп, тірек бола білді. Мәм­бетей руының береке-бірлігін артты­рып, ұдайы басын қосып, ер-жігіттерін соңына ерткен батыр Қарабас қартайған шағында өзінің тәрбиелеген інісі Жанан батырға толықтай жолын беріп, ел-жұрт, жер-суына иелікті тапсырады. Күндердің күнінде Жанан ба­тыр өзінің әскерін көп адыр ішінде жау­мен соғысудың амал-тәсілдеріне жат­тық­­тырып жатқанда, өзі жіберген екі шол­ғын­шысы әскер дайын­дығы жүріп жатқан жерден 4-5 шақы­рым­дай жерде жоңғар­лар­дың үлкен әскерін көреді. Терең ойпатқа орн­аласқан көлдің дәл жағасындағы жар­қабаққа жеткенше ол көрінбейді. Сол сәтте үс­тінен түскен шолғыншыларды байқап қа­лады да, дереу қозғала бастайды. Шол­ғыншылар хабарды жеткізген бойда Жанан батыр азғантай жасақпен жауға шамасы кел­мейтінін біліп, ағасы Қарабас батырға де­реу хабар жібе­реді. Қарабас батырлар кел­генше жау жа­қын­дайды. Сол кезде шы­дай алмай, жас Жа­нан азғантай жасағымен жау­ға қарсы ша­бады. Аты болдырып, өзі­нің діңкесі құ­ры­ғанша күресіп, талай жауды жай­ратып, оларды ілгері жібермей ұс­тай­ды. Сөйтіп жүріп, өзі де, аты да жаралы бо­лып, бір дөң бетіндегі тастың үстіне шыға бе­ре мерт болады. Батыр өлер алдында көп қиналып, ащы зар мен ыстық көз жа­сын төккен екен. Сол тастың бетінде ба­тырдың көз жасы секілденіп күні бүгінге де­йін үнемі мөлтілдеп су тұрады. Ол не тар­тылмайды, не шара­сын­ан асып, ағып та кетпейді. Жалпақ тас­тар­дың ойығындағы мөлдіреген суды ата­ла­рымыз «Жананның көз жасы» деп атайды. Бұл Қаражыра көмір кенішіне бұ­рылар тұста кездеседі. Сол дөңге шыға беріс­тегі жалпақ тастағы атының ізі, де­несінен тамған қаны әлі күнге дейін қап-қа­р­а болып өзгеріссіз сақталуда.
Хабарды ести сала, Қарабас батыр жинаған қолымен қазіргі өзінің атымен аталып қалған Көкен тауының күнба­ты­сындағы Ащысу өзенінің бойындағы дөңге ке­леді. Кескілескен ұрыста жауды жеңіп, қатты жараланған Қарабас батыр қайтыс болады.
 Қарабас батыр жерленген қазіргі «Қарабас егін қырманына» 1958 жылы менің әкем Қали Әймышұлы бастаған Бай­ғазы балалары, батырдың ұрпақтары арнайы құлпытас тұрғызды. Ол кезде мен 11 жаста едім. Сол уақытта батырдың қол­шоқ­парын өз көзіммен көрген едім.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқа­ман-Мамыр» дастанында айтылатын Бай­ғазы біз әңгімелеп отырған Қарабас батыр­дың әкесі болған. Сол Байғазының 15 жас­тағы сұлу әрі ақылды қызы Мамыр туралы жыр­да айтылады. Үлкен адамдар Қарабас ба­тырдың қатысуымен алынған жерлер жай­лы мағлұматтарды үнемі айтып оты­ратын. Кейін жігіт ағасы болған уақытта сол деректердің кейбіреуін қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Қарабас батырдың қатысуымен алынған жерлер: Көкен тауының шығы­сын­дағы Кеңгірбайдың тас үйгені тұсынан бастап, осы Қарабас алқабы, Семей-Сар­жал тас жолы бойындағы Жырық, Жанан, Аяқ­шат, қазіргі Қаражыра, Жел-Ши, Шүрек ба­тыр­дың зираты, Шөладыр бұйраттары мен Сұңқар биігі, Айнабұлақ, Самай биігі, Са­ры­шоқы, Ащысу бойындағы Сартай Тө­ре­нің зираты, Шөптіқақ көлі арқылы жай­лауға шы­ғатын жерді қамтитын кең өңір.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста