Қаншама таланттарымыз сахнаның ар жағында қалып қоюда

Қаншама таланттарымыз сахнаның ар жағында қалып қоюда

Жадыра САХИЕВА, Jado Production компаниясының бас директоры, продюсер:

– Әлемдік киноиндустрия жанры жағынан өте бай. Десек те, детектив түсірушілердің қап­тап кеткендігі кім-кімге де аян. Оның себебі түсінікті. Бір шетелдік тәуел­сіз сараптама орталығы кино­сүйер қауым арасында сауалнама жүр­гізген екен, сонда көпшіліктің таң­дауы оқиға желісі қылмыстық та­қы­рып­қа құрылған фильмдерге түскен. Ал сіз тың дүниені, яғни би өнері арқау болған кино түсіріп жатқан көрінесіз. Құпия болмаса, жаңа туындыңыз жай­лы айта отырсаңыз...
– Иә. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыс­тық» демекші, ең алғашқы мамандығым режиссер-хореограф болғандықтан, маған би өнерінің орны бөлек. Сондықтан да болар, «Орда» тобының әншісі әрі көр­кем­дік жетекшісі Ерболат Беделхан келіп ұсы­ныс жасағанда, шынын айту керек, мен бұл ұсыныстан бас  тарта алмадым. Бірден құп­тай кеттім. Өзім де көптен бері музы­ка­лық-сахналық дүние немесе театрлық қойылым жоспарлап жүрген едім. Сол ойымның жүзеге асуына мүмкіндік туып тұр екен, қалай қуанбасқа! Келісе кеттім. Қазір кино аяқталуға жақын. 80 пайызы дайын тұр десем де болады. Төлқұжатын да алдық. Енді қазір Мәскеуде пленкаға түсіріп жатыр­мыз. Киноның тек мазмұнына ғана емес, сапасына да айрықша көңіл бөл­дік десем болады. Қазақстанның ең мық­ты деген сти­лист  мамандарының кеңес­терін пай­да­ла­ну­ды жөн санадық. Әдетте, кино түсіруге әрі кет­се екі камера пай­даланса, біз төрт ка­ме­раны іске қостық. Құдай қаласа, тұсаукесерін сәуір айын­да жасау ойда бар. Кинокартина маз­мұны те­рең, онда махаббат та, өнер де жан-жақты қам­тылған. Сценарийдің маған қатты ұна­ған бір жері – ғашықтар сезім сырын қа­зір­гі көркем фильмдегілердей қы­лық­пен, сөз­­бен емес, көздің қиығымен ғана түсі­ні­се­ді.
Кино түсіру кезінде байқағаным, біздің елде би өнерінен кенде емес жастарымыз өте көп екен. Өкініштісі сол: қаншама та­лант­тарымыз сахнаның ар жағында қалып қою­да. Киноға түсетін кейіпкерлерді таң­дау мақ­сатында ұйымдастырылған кас­тин­гіге 2000-нан астам адам қатысты. Бірінен-бі­рі өте­т­ін өнерлі.
Қазақстанды былай қойғанда, би ки­но­лары Азия елдерінде шідерленіп тұр. Сон­дықтан да осы жұмысты қолға ал­ғанымыз өте дұрыс болды дер едім. Еліміздің киноқорына аз да болса өз үле­сі­міз­ді қосып жатсақ, соған қуаныш­ты­мыз.
Еуропаға келсек, би киносы олар­да әлдеқайда дамып кеткен. Классикалық дүниелерге ай­на­л­ған­­дықтан аттарын қазақ­ша­ла­май-ақ қояйық, мәселен, «Гряз­ные тан­цы», «Да­вайте потанцуем», «Запах жен­щи­ны», «Поющие под дож­дем», «Брио­лин» сияқты та­ны­мал фильм­дер­ді талай көрер­мен сүйсініп тама­шалаған шығар?! Мен де бала күнімде ондай ки­но­лар­ды бір деммен көретінмін.
– Жалпы алғанда, би ки­но­ла­рының аздығынан осы сын­ды көркем фильмдерді са­рап­қа салатын байқаулар жоқ деп жатады. Кино түсірілімі кезінде хореография мамандарының ке­ңесіне жүгінген бо­лар­сыз­дар?
– Кино – үлкен өнер. Ол жан-жақ­ты ізденісті қажет етеді. Сон­дық­­тан да білікті мамандардың ақыл-кеңес­теріне жүгіндік.
Расында да, сөз болып отырған жанр­дағы кинолардың басын қосып, сайысқа са­латын фестиваль, жарыстар саусақпен санарлықтай екен. Бір қуантарлығы – қазір дәл осындай киноларды додаға түсіріп жүр­ген «Кинотанец» фестивалі кең таныла бас­тады. Негізі, «Кинотанецтің» дүниеге кел­геніне себепкер болған әйгілі халық­аралық би фестивалі – OPEN LOOK. OPEN LOOK-тан ен­шісін алып, өз алдына отау тік­кен «Ки­но­та­нецтің» іргесін қалаушы әрі ди­ректоры – Вадим Каспаров. Фестиваль ал­ғаш 2001 жылы өтті. Екі жылда бір өткі­зі­летін «Ки­но­та­нец-2011»-ге 23 елден 60-қа жуық үміт­кер қатысқан. Былайша айт­қан­да, қаты­су­шылар жылдан-жылға артып келеді.
– Білуімізше, «Запрещенные танцы» («Көше биі») – Jado Production-ның бірін­ші өнімі емес.
– Ол, рас. Бұл – біздің екінші киномыз. Jado Production – өнер үйі. Қандай іспен ай­налысайық, мейлі ол өнерге жақын, өнер­ді насихаттайды. Бірінші кино әлеу­мет­тік авторлық дүние болды. Оған ана, әйел, қоғам тақырыбын арқау еттік. Кино Пу­сан­дағы фестивальға қатысып қайтты. Шы­ны керек, ол жайында тіс жармауға ты­рыс­қан едік. Құпия ұстауымыздың өзін­дік себептері бар. Тұсаукесерін, Алла жазса, күз­ге жос­пар­лап отырмыз. Негізі, фильм 2010 жылы түсіріле басталып, 2011 жылы аяқ­талды.
– Хореограф ретінде қазақ би өне­рі­нің бүгінгі жайы туралы не айтар еді­ңіз?
– Сауалыңызға жауап бермес бұрын, кө­кейде жатқан мына бір мәселеге аз-маз тоқтала кетсем бе деймін: кейбіреулер қазақ би өнері кейіннен пайда болған де­ген жаң­сақ пікір айтады. Алайда Қазақ­стан жерінде сақталған тастағы суреттер, та­рихи деректер, орыс саяхатшылары, та­рих­шылары ғалым­дарының этног­ра­фия­лық жазбаларын қалай жоққа шығарасыз... Негізі, қазақ би өнері синкретті түрде да­мы­ды дейді зерттеушілер. Біздің таби­ға­ты­мыз жазира кең даламен, еркіндікпен бай­ла­нысты болғандықтан, қазақ биінің ұлт­­тық иірімдері, өзіндік мәне­рінің өзге­лер­­ден дараланып тұруы – заңды құбылыс. Қазақ би өнерінің тууына, оның қа­лып­та­суы­на үңілсек, негізі, ежелгі тарихтан бас­­тау алатыны даусыз. Қысқасы, би — қазақ­­тың халық фольклорының көне түр­лерінің бірі.
Шара Жиен­құлова, Ысқақ Быжыбаев, Әубәкір Ысмайылов,  Гүлжан Талпақова, Дәурен Әбіров, Зәуір Райбаев сынды өнер­лерімен әлемге танымал болған биші­ле­ріміз қазақ халқының би өнері ықылым заманнан келе жатқандығының айғағы дер едім. Қазақ халқы би өнерінің дәстүрі мен өрнегін бұзбай, ғасырлар бойы дамы­тып отырған жә­не рухани қазынасымен ұш­тастыра біл­ген.
Өкінішке қарай, бүгінгі би өнеріміздің да­муында бір тоқырау бар сияқты. Ша­шы­раң­қы. Әркім өзінше алас-күлес. Соған ме­нің қарным ашады.
Бидің өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өмі­ріміздің көркем өрнегі екендігін ескер­сек, ұлттық би қазынамызды жоғалтып алмай, оны жандандырып, төрткүл дүниеге паш ету әрбір жанашыр жанның жадында жүр­се екен деймін.
– Шара Жиенқұлова демекші, ұлт­тық өнерімізді әлемдік сахнаға кө­тер­ген қазақтың тұңғыш кәсіби бишісінің өмірі мен өнердегі жолы турасында клас­сикалық кино түсірілсе, игілікті іс болар еді...
– Шынымен де, қазақ кинема­тог­ра­фия­сында сондай дүниенің жоқтығы өкі­ніш­ті. Мұндай ой маған да келген. Мы­са­лы, ре­сей­лік атақты балерина Анна Пав­­лова жайын­дағы көп сериялы кино тек би­шінің ғана емес, бүкіл Ресей өнері тари­хы­ның бір па­ра­ғы іспетті. Менің ойымша, мұн­дай идея ұлт­жан­ды деген әрбір ре­жис­сер­дің ойында жүр.
– Сұхбатыңызға рақмет! Сізге шы­ғар­­машылық табыстар тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста