Ел алдында автоматтың даусын салып танылып, кейіннен лақпа айтысқа шығып көпшіліктің ашуын тудырған пародист Қанат Әлжаппаровтың «әй, шешеңнің» деп әндеткен видеосы желіні шарлап кетті.
Видеодан әзілкештің домбырамен «Ай, шешеңнің ағасы, болады саған нағашы» деп жас жігітпен бірге ән шырқап отырғанын көруге болады. Бұған дейін аталған өлең желіде біраз жұрттың ашуын туғызған болатын. Тыңдармандар астарлы өлеңнің ерсі екенін айтып, мұндай әнді ел алдына шығару ұят деп жазды.