Қан майданда жауға қарсы соғысқан Нұрғиса Тілендиевтің ерлігі туралы білесіз бе

Саналы ғұмырын музыкаға арнап, "Қазақ саз өнерінің сайыпқыраны" атанған Нұрғиса Тілендиевтің өнер жолы көпшілікке аян. Алайда Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге барарда өзіне екі жас қостырып алып, сұрапыл соғыста жауға қарсы шайқасқан майдангер Нұрғиса туралы бірі білсе, бірі білмейді. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ порталы назарларыңызға Тілендиевтің ерлігі туралы материалды назарларыңызға ұсынады.

 

Нұрғиса Тілендиев туралы көлемді мақала жариялаған "Қазақстан тарихы" жобасы атақты музыка маманының әскери өмірге де қатысы болғанын жазады. Әйгілі композитордың "әскери қызметті жалғастырсам" деген ойы да болған көрінеді. Бұл туралы толығырақ тарқатып жазайық:

 

Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы 1927 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысы, Іле ауданындағы Шилікемер ауылында өнерлі жандардың отбасында дүниеге келген. Небәрі бес жасында әкесінен домбыра тартуды үйренген талант иесінің ноталық сауатын анасы ашыпты.

 

Бір күні Ахмет Жұбанов Нұрғиса тұрған үйдің жанынан өтіп бара жатып, домбыраның үнін естіп қалады. Ұлттық аспапта сонша шебер ойнап отырған кім екенін білгісі келген ол 6 жасар баланы көріп, қатты қайран қалады.

Ахмет Қуанұлы баланың ойнауын ұйып тыңдап, оған музыка училищесіне баруға кеңес береді.

 

Алайда училищеге барған соң оны композитор Латиф Хамиди би класына жазып қояды. Іссапардан келген Жұбанов талантты домбырашының балет сабақтарына барып жүргенін көріп, дереу музыка класына ауыстырады.

Домбырамен қатар, бала Нұрғиса бокспен де айналысқан.

 

Алайда Ахмет Жұбанов: "Не бокс, не музыка!" деп шарт қойғаннан кейін Нұрғиса өнерді таңдайды. Училищеде Тілендиевтің шеберлігі өсе берді. 12 жасында ол оркестрге концертмейстер болып тағайындалады, ал 14 жасында Науша Бөкейхановтың тәжірибесіне еліктеп, оркестрдің бас дирижеріне ассистент болады.

 

1943 жылы Нұрғиса Тілендиев соғысқа аттанады. Сол кездегі көпшілік жастар сияқты 16 жасар Нұрғиса да төлқұжатына екі жас қосып жаздырып алады. (Сондықтан да, Нұрғиса Тілендиев 1925 жылдың 1 сәуірінде өмірге келген деген пікір болған - ред.) 1943 жылдан 1945 жылдың 9 мамырына дейін Нұрғиса Курск шайқасынан бастап Берлинді алғанға дейінгі сарбаз жолымен жүріп өтіп, бірнеше рет жараланған.

 

Соғыс біткеннен кейін «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» және «Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін» медальдерімен марапатталды.

 

Соғыс біткен соң Тілендиев әскери қызметті жалғастырсам ба деп те ойланып қалады. Ахмет Жұбанов әскери округ бастықтарына оны елге қайтару туралы өтініш жазып, соғыстан соң елде талантты музыканттарға деген қатты сұраныс болатынын дәлелдейді. Ақыры Нұрғиса Тілендиев 1945 жылдың қазанында әскерден босатылған.

 

1948 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясына емтихан тапсырып, оқуға түскен дарын иесі оны бітірген соң Мәскеу консерваториясында да білімін шыңдайды.

 

Оқуын бітірген соң, 1953 жылы Тілендиев Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының бас дирижері лауазымына тағайындалады.

 

Ал 1961 жылы ол академик Ахмет Жұбанов негізін қалаған - қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне бас дирижер болып қызметке кіріскен.

Сонымен қоса, оркестрдің көркемдік жетекшісі лауазымын қатар атқарды.

 

Бұл лауазымдарда ол небәрі үш жыл ғана жұмыс істегенімен, бұл жылдар оның мансабындағы ең жемісті жылдар болды.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста