Қаллеки театрында – жапон драматургиясы
Тылсым тақырыбы соңғы жылдары қазақ киносы мен театр сахнасының репертуарына ене бастады. Тарихи оқиға емес, адамның ішкі жан дүниесінің қоғамдық құбылыстарға байланысты құбылуы, сан қилы күй кешуі – жай нәрсе емес.
Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жаңа туындының тұсауы кесілгелі жатыр. Наурыздың 13-і күні тұңғыш рет көрерменге жол тартқалы отырған бұл туынды – «Әзәзіл» деп аталады.
Заманауи тақырыптағы көркем шығарма абсурд жанрында сахналанбақ. Туындының авторы жапон драматургі – Бэцуяку Минору, режиссері – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр режиссурасы» мамандығының 4 курс студенті – Нұрғалиев Балтабек. Аталмыш қойылым Нұрғалиев Балтабектің диплом алды жұмысы.
Сахнада «Қаллеки» театрының бір топ актерлері ойнайды. Атап айтсақ: Күлия Қожахметова, Бақыт Исабекова, Майра Омар, Бақыт Жұмағұлова, Бақытгүл Батырханова, Асхат Сұлтан, Аманжол Молдахмет, Жанар Қасымова.