Қаңтардың 4 күні біраз танымал өнер иелері Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының алдына шығып, Жаңаөзендегі бейбіт шеруді қолдайтындарын айтқан болатын.
instagram.com/kaldybek_kurmanali
Олардың ішінде әнші Жеңіс Ысқақова, Ақбота Керімбекова, Нұрлан Албан, Абай Бегей, "Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов бар. Экспресс К тілшісі дүрбелең кезінде өзге әншілер неге үнсіз қалды деген сауалды жұлдыздардың өздеріне қойып көрді.
Белгілі дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев жаңа жылдан кейін Шымкенттегі "Манкент" шипажайында демалған. Ол шипажайға жалғыз емес, жары мен жақын туыстарымен бірге барған. Жеті күн демалып қайтқан әнші Алматыға кеше түнде оралыпты. Быт-шыты шыққан қаланы көрген әнші қатты аушланыпты.
"Қатты ашуландым. Басқа ештеңе айта алмаймын. Еліміздің жүрегі саналатын әсем қаламыз Алматыны талқандау оңай емес қой. Бұл қалада тұрып жатқаныма 30 жыл болады. Осы қалады студенттік шағымыз өтті. Қызмет жасадық. Өнер иелері шеруге неге үн қоспады деп жатқанда қынжылдым. Біраз танымал адамдар бейбіт шеруді қолдап шықты. Үкімет осы күнге дейін халықтың әл-ауқатына, тұрмыс-тіршілігіне тыңғылықты көңіл бөлді деп айта алмаймын. Біреу балконнан құлаған кезде, біреуді-біреу тонап кеткен кезде ғана сол мәселе көтерілді. Жалпы елбасынан бастап осы аралық екіге бөлініп қалды. Тоқаевтың соңғы айтқандары іске асса, біз оң жолға түсеміз деп ойлаймын", — деді Рамазан Стамғазиев.
instagram.com/ramazan_stamgazy
"Меломен" тобының Қайрат Мырзаханов бейбіт шеруді қолдап шыққанын айтады. Оның айтуынша, әр қазақстандық мұң-мұқтажын билікке жеткізуге құқылы.
Күндіз шығып халыққа қолдау көрсеттік. Болды. Содан кейін үйге тарап кеттік. Арты не болатынын біз білмедік. Артық ештеңе айтқым келмейді. Енді уақыт көрсетеді. Халық қазір депрессияда. Сол күні кешке үйде болдым, — дейді "Меломен" тобының әншісі.
instagram.com/kairat_myrzahanov
Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі Алматыдағы шеруде шоу-бизнес өкілдері тұрмақ, алаңға ұлы Абай тіріліп келсе де, ешкім тыңдамайтынын айтады.
"Алматыда басталған бейбіт шеруге араңдатушылар қосылды. Басқа бағытқа бұрып жіберді. Алматы арена жақта басталған кезде халықты тоқтатуға болатын еді. Әншілерді сонша жек көріп, бәріне кінәлай беруге болмайды. Өнер адамдары — қоғамның бір мүшесі ғана. Мен де кінәлаймын неге онда журналисттер шықпады. Менің екінші мамандығым журналист. Қала әкімі де алаңға барып басу айта алмады. Өйткені ондай жағдайды болған жоқ. Барлық салада ұлттық мүддені ойламайтын адамдар бар. Ешкімді жақтап тұрған жоқпын. Арандатушылар кім соны нақтылап алуымыз керек. Бүлік кезінде шоу-бизнес өкілдері тұрмақ алаңға Абай Құнанбаев тіріліп келсе де, ешкім тыңдамайтын еді", — дейді Қалдыбек Құрманәлі.