Қаламгер қыздарға арналды

Қаламгер қыздарға арналды

Аналар мерекесі қарсаңында Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Қыз-көктем» атты дәстүрлі ән-жыр кеші өтті. Кешті Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин құттықтау сөз сөйлеп ашып, өзінің жүрекжарды жырын тарту етті.
Марфуға Айтхожина, Нәзікен Алпамысқызы, Зайда Елғонди­новадай  халқымыздың аяулы ақындары бастаған нәзікжанды қалам иелері өрнекті жырдан шашу шашты. Әдеби шараға сондай-ақ Қалижан Бекхожин, Жұмекен Нәжімеденов сынды о дүниелік болған бірқатар қаламгердің жарлары қонақ ретінде шақырылды. Кештің соңында Ғафу Қайыр­бековтің жары Бәдеш Қайырбекова сахнаға көтеріліп, ақынның өлеңіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін бастағанда көпшілік көрермен қосыла шыр­қады. Ұйымдастыру­шылар «бұл шараның мақсаты – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әдебиет пен өнерде жүрген қаламгер аруларды құрметтеп, оларға қошемет көрсету, шығар­машылықтарын насихаттау» дейді.
Қыз-келіншектер мен әйел-аналарды ұлықтауға арналған кеште Бақыт Беделхан, Қайсар Қауымбек сынды талантты ақындар көктем, ана тақырыбында өлең оқып, жырдан шашу шашты. Белгілі эстрада жұлдыздары әнмен әуелеткен әсерлі кешті ақын Бейбіт Сарыбай жүргізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста