Қалай ұнайды, солай өмір сүріңіз - Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бала күнгі өмірінен сыр шертіп, әркім өз қалауымен өмір сүргені дұрыс деп оқырмандарына кеңес берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

Қазіргі таңда оқырмандарының өмірін өзгертуге көмектесу мақсатында өз ақылын айтуда мықтап бел байлаған Айнұр ханым көпшіліктің сұранысына ие. Жеке өмірімен байланыстыра отырып, оқырмандарын өзіне баурап алған психологтың жеке сабағына қатысушылар саны күн санап артуда.

 

"Біздің бала кезімізде дипломат ұстау моды болған.^ Жағдайы бар қыздардың бәрінің қолында қап-қара дипломат.. Менде жоқ. Апамның дипломат әперетін жағдайы жоқ болғасын жұрттан қалмайын деп үйдегі ескі қоңыр дипломатты ұстап шықтым.. Бойым кішкентай, дипломатым дәу.. Ашып, жабу бір ақырет.. Біраз ұстадым да жұрт дипломатым бар екенін көріп болды ау деген кезде тастадық қой.. Кейіііінннн мектеп бітіргеніме бәлен жыл болған кезде кластасс қызым айтады, "мәә, сен баяғыда чемодан сияқты бірдеме ұстап жүруші едің ғой, оны әрең көтеріп бара жатқан кезіңде бәріміз сыртыңнан күлетін едік" дейді. Айтайын дегенім, жұрттан қалмайық деп талайымыз күлкі болып жүргенімізді білмейміз.. Жұрт сияқты оқуым керек, көлік алуым керек деп кредитке ұрынып жүреміз.. Жұрт сияқты той жасаймыз деп қарыз алып тыраштанамыз.. Кімге нені дәлелдегіміз келетіні белгісіз.. Шындығында жұрттың бізде шаруасы да жоқ.. Өз проблемаларымен алысып жүр...Жанталасып жарысып жүрген өзіңіз...

 

Өмір сіздікі! Қалай ұнайды, солай сүріңіз.. Бәріңізге бақытты ғұмыр тілеймін.

Бізде ақша жоқ емес, ақша жайлы білім жоқ!!! Сол үшін қолымызда ақша тұрмайды!!! Білімі бар адамды аралға апарып тастасаң да миллионер болып шығады, білімі жоқ адамға миллион ақша берсең де 1 айдан соң тақыр кедейге айналады... Келісесіз бе?", деп жазды желідегі парақшасында.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста