Қайраттың келіншегі үкілі орамал және халатпен түскен суретін жариялады (фото)

 Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш келін болып түскен жылдары жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары Жұлдыздың ибалылығы мен қарапайымдылығына тәнті болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Көпшіліктің алдына шығып, танылғалы бері Жұлдыз Әбдікәрімова суреттерін жиі жариялайтын болған. Олардың қатарында актрисаның алғаш келін болып түскен жылдардағы суреттері бар. Сондай суреттердің бірін жариялаған Жұлдыз желі қолданушыларын сүйсінтті.

Бәйтеректің ішінде суретке түскен Жұлдыздың басындағы үкілі орамалынан бөлек, үстіне халат киіп тұрғаны байқалады.

«Орамал отбасылық өмірге жасалған қадамның белгісі деп білемін. Менің ойымша, жас келін орамал тағуға міндетті. Ең бастысы, өзіңнің келін екеніңді сезініп, қыз кезіңдегі еркеліктерді тыйуға септігін тигізіп, үлкендерге деген құрметті білдіреді», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары Жұлдыздың ибалылығы мен қарапайымдылығына тәнті болды. «Өте керемет жансыз. Ең бастысы, сабырлы адамсыз. Әр ісіңіз, сөзіңіз нақты. Көрініп тұр өте жақсы тəрбие алғаныңыз», «Жас кезіңізден мүлдем өзгермегенсіз. Төрт баланың анасына ұқсамайсыз», «Нағыз қазақтың келіні осындай болуы керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста