Қайраткермен кездесу

Жуырда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті студенттерінің белгілі қоғам қайраткері, қазақ тілінде жазылған заң авторы, ақын, сазгер Әкім Ысқақпен шығармашылық кездесуі болып өтті.
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен өткен бұл кеш сұрақ-жауап тұрғысында өрбіді. Бү­гін­де 15 жыл толып отырған  тұңғыш мем­лекеттік тілде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасының қалай өмір­ге келгендігін, ондағы болған тартыс­ты кезеңдерді, жеңіске жету жолындағы та­банды күресті тыңдармандарға әсерлі жеткізе білді. Осы заңның аясында елімізге 1 миллионнан астам қандасымыз орал­ды. Көші-қон және демография жөнінде агент­тік құрылып, облыстарда көші-қон бас­қармалары жұмыс істей бастады. Ең бас­тысы, бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін көтер­ген жалғыз заң ретінде парламен­та­ризм тарихында қалды.
Әкім аға депутат кезінде Америкадағы қазақтың жетім балаларының да іздеушісі болып, олардың сан қырлы тағдырын өз көзімен көріп қайтқан екен.  Әсіресе Ар­ман, Джо есімді  қазақ балалары туралы жү­рек толқытатын әңгімесі көпшіліктің көзі­не жас алғызды.    
Қазақ тілінің қолданылуы, оның мәрте­бе­­сіне қатысты сан түрлі сұрақтар әңгіменің арқауына өзек болып, нақты жауаптар қай­тарылды. Сондай-ақ ақын студенттер қауы­мымен өмір, тағдыр, махаббат, дос­тық, жалпы, адам бойындағы адамгерші­лік, сүйіспеншілік, ізгі қасиеттер туралы ой бөліс­ті. Қыздар көкейінде жүрген сұрақ­тары­на жауап алып, ұсыныстары мен та­лап-тілектерін білдіріп, жүректен шыққан жыр жолдарын арнады. Ақынның «Гүл қа­уы­зындағы тамшы», «Махаббат хаттары», «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін» жинақтарынан өлеңдерін, қара сөздерін нақышына келтіріп орындап берді. Кеш барысында ақын өз қолтаңбасымен жаңа шыққан кітаптарын студенттерге тарту етті.
Ұлтжандылық рухта өткен мағыналы да әсерлі кездесу  соңында сазгердің «Көк тудың желбірегені» атты әні шырқалды. Дәл осындай басқосу Қазақ ұлттық агра­р­лық университетінде де болып өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста