Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" бағдарламасына әнші Қайрат Түнтеков қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші сұхбатында сүйікті музыканттарын атап, концертінің неге кейінге қалғанын айтып берді. Түнтеков өз фэндомы, I'm a Singer конкурсы, балалық шағы жайлы ашық әңгімелейді. Қайрат Түнтеков жұлдыз ауруы жайлы және кезінде жеңімпаз атанған Superstar.kz жобасы жайлы пікір білдірді. Мұнымен қатар, әнші атышулы жол-көлік оқиғасы туралы баяндайды. Сұхбатта ата-анасы мен жеке өміріне де қатысты сөз болады. Әңгіме барысында Ләйлә Сұлтанқызы мен Қайрат Түнтеков Instagram желісіндегі оқырмандармен әңгімелеседі.