Қайрат Нұртастың әкесі Тоқаевқа үндеу жасады
Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков авиарейстің кешігуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сізге қоятын сұрағым бар. Қазақстандағы авиакомпаниялар біздің еліміздің заңына бағына ма, әлде олар тәуелсіз компаниялар ма? Мен білгім келеді. Бұл сұрақты қоюымның себебі: мен авиакомпания қызметтерін көп қолданамын» деді Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, 10-11 тамызға қараған түні Астана-Алматы бағыты бойынша Air Astana ұшағы сағат 01.50-де ұшуы керек еді, алайда ол таңғы бесте қызметін бастаған. Ол жолаушылардан авиакомнаияның өкілдері кешірім де сұрамағанын атап өтті. Осыған байланысты әншінің әкесі кешігіп ұшқан.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz