Қайрат Нұртас сөзге келіп қалған танымал блогерді итеріп жіберді
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртасқа қатысты тағы да шу шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі әнші ел алдында танымал блогермен сөзге келіп, оны итеріп қалды.
Жұртшылық қос жұлдыздың арасында не болғанын білмей дал. Олардың кейбірі бәлкім концерт барысында түсініспеушілік орын алғанын айтады.
Сонымен бірге қалың оқырман Қайрат Нұртастың көкірек екенін жеткізген. Олар өнер иесі осы мінезінің кесірінен әрдайым шулы оқиғаларға тап болғанын жазған.
«Қайрат Нұртастың осылай өзінше болып, көкірек керетіні бірінші рет емес, несіне таң қаласыздар? Адамда қарапайым мәдениет деген жоқ», «Мүмкін екеуі де жай хайп қуған шығар, күтейік те, не дейтіндерін?», «Қайрат Нұртас мен үшін әнші емес, жай тойдың әншілері», «Бізде әншілер осылай шетінен бәрі жұлдыз болып кеткен. Өзіміз кінәліміз, тойға бәленбай мың теңгеге шақырамыз, сосын бұлар құтырмағанда, кім құтырады?» деп жазды олар.