Желіде танымал әнші Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің еліміздегі бақуатты кісінің үйінде ән салып тұрған видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Видео авторы бұл кеш Болат Назарбаевтың үйінде болған деп көрсеткен.
Видеоны көрген желі қолданушылары оларға қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.
"Онда тұрған не бар екен?", "Халықты менсінбейді ғой бұл әншілер", "Әндерін жақсы айтса болды ғой", "Автор сен қатты қателесесің, бұл Болат Назарбаевтың үйi емес. Тараз қаласының Орталық базарының директоры Алтынбек Садырбаев" - деп жазды олар.