Қадырбай ағаның қадірі

Қадырбай ағаның қадірі

– Қанатбаев ағаңа қатты рен­жіпсің ғой, – деген дауыс естілді. Қадырбай аға екен. Күлімсіреп тұрған ағаға жылы шыраймен амандасып жатып, қапелімде «ол кісі қайдан біледі?» деп, іштей таңданыспен ойлап та үлгердім.
– «Нұр Астана» газетіне студенттік кезіңді жазыпсың, оқып шықтым! – деді Қадырбай Нұрпейісұлы салмақпен.
Сонда барып студенттік шақ туралы естелік жазғаным есіме сап ете түсті. Ол «мақала жаз» деп жүрген кездегі газеттің бір нөмірінде шыққан екен. Мен демалыс­та болған­дықтан одан бейхабар едім.
Бұл оқиғаны есіме алып отырғаным, Қадырбай Нұрпейісов ағаның Президент Әкімшілігінде үлкен бір бөлімді басқарып, өзіне жүктелген қыруар шаруаны жауап­кершілікпен атқара жүріп, күнделікті қазақ басылымдарымен мұқият таныс болып, әріптес інілерінің жазған-сызған дүние­лерін оқып, өз пікірін білдіріп отыратын ер­екше бір қасиеті туралы айтпақ едім. Әсі­ресе бұл – мемлекеттік қызметтегі жо­ға­ры лауазым иелерінің арасында сирек кездесетін жайт. Қадырбай ағаның өзіне тән осы бір қасиеті көңіл түкпірінен берік орын алып еді.

Қадырбай Нұрпейісұлының әдебиетке өте жақын, сөздің қадірін терең түсінетін жандардың бірі екенін аңғару қиын емес.
«Адамның адамгершілігі – кішіпейіл­ді­лігінде. «Ұлық болсаң, кішік бол», – деп анам құлағыма құйып отыратын. Мен сон­дай кі­ші­пейіл, ақжарқын, адамгершілік асыл қа­сиетті Қадырбай Нұрпейісұлының бо­йынан көріп, тәнті болдым. Қысылғанға қол ұшын беру, демеп жіберу, қиналған жан­ның жан дүниесін сезіну, қолдан кел­генше жәрдемдесу Қадырбай Нұрпейіс­ұлының өзіне ғана тән адамгершілік қа­сиеттері дер едім. Жастарға жөн сілтеп, ба­ғыт беріп, ақыл-кеңесін айтып, шарапа­тына бөлеп жүрген ел ағасын қалайша жақ­сы көрмеске, неге үлгі тұтпасқа!
Қадырбай Нұрпейісов – ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білетін, отансүй­гіш­тік қасиеті басым, мемлекетшіл тұлға. Кейіпкеріміздің өмірбаян деректеріне көз жүгіртсек, бұған көзімізді анық жеткіземіз. Қ.Нұрпейісұлы өз ісінің маманы болған­дық­т­ан болар, оған әрдайым жауапты қыз­меттер сеніп тапсырылды. Атап айт­қан­да, 1985-1991 жылдар аралығында Қа­зақ­стан Компартиясы Талдықорған облыстық комитетінің бас бухгалтері, 1992-1996 жылдары ҚР Мемлекеттік қар­жы бақылау комитетінің Талдықорған облысы бойынша басқарма бастығы болып еңбек жолын жалғастырды.
Ал 1996 жылдың маусымында ҚР Президенті Істер басқармасы қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінде қаржы секто­ры­ның меңгерушісі болды. Одан кейінгі жыл­дарда Президент Әкімшілігі бөлім мең­герушісінің бірінші орынбасары – бас бухгалтер, ҚР Президенті Әкімшілігі Қар­жы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлі­мінің меңгерушісі болып табан аудар­мас­тан табысты еңбек етті. Соңғы жылдар бе­дерінде Қ.Нұрпейісұлы Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер қызметін мін­сіз атқарып келді. Бұл жөнінде білгір маманның тәжірибесінен тәлім алған шә­кір­ті, бүгінде ұстаз аға жолын жалғас­ты­ру­шы, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде Кеңсе бастығының орынба­сары – бас бухгалтер Еркімбек Арпабаев былайша сыр шертеді:
– Ең алдымен, мен Қадырбай Нұр­пе­йіс­ұлының кәсіби ісіне мұқият әрі зор жа­уапкершілікпен қарайтынын жадыма то­қып алдым. Президент Әкімшілігінің эко­но­микалық бағытын анықтап, қаржы са­ласындағы бағдарламаларды айқындап, уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде есеп беру үлкен білімді, тиянақтылықты, жауапкершілікті қажет етеді. Бұл саладағы жұмыста әр цифр нақты, дәл және өз ор­нында тұруы тиіс. Есеп-қисапта жаңылысу – өмір жолыңнан жаңылысу деген сөз. Жол­дан жаңылсаң, сүрініп кетуің оп-оңай. Ал Қадырбай Нұрпейісұлы Президент Әкімшілігінің қаржы саласында басшылық жасаған көп жылғы тәжірибесінде қателік­ке жол бермей, тек абырой биігінен көріне білді. Біз үшін ол кісінің қажырлы ісі, адам­гершілік мол қасиеті, кішіпейіл мінезі қа­шанда үлгі!
Қадырбай ағамыз қызметте ғана емес, отбасылық өмірімен де бізге үнемі үлгі көр­сетіп келеді. Күләш жеңгемізбен бірге Дархан, Дәурен және Дамир атты ұлдарын тәрбиелеп, білім беріп өсірді. Ұлағатты от­басында тәрбиеленген балалар әке жо­лын жалғап, мемлекеттік қызметте және әр са­лада табысты еңбек етіп келеді. Ал әулеттің ұйытқысы бола білген аға-жеңгеміз өне­ге­лі ұрпағынан немерелер сүйіп отыр. Осы­дан біраз жыл бұрын Қадырбай аға Алма­тыға барып, үлкен немересін қолынан же­телеп бірінші сыныпқа апарып, аталық қам­қор көңілін көрсеткен еді. Бір сөзбен айтқанда, қызметте де, үйде де, қара­па­йым өмірде де асып-таспайтын, жүзі жар­қын, кез келген адамды кісілік қасиетімен баурап алатын, Жетісу өңірінің сыйлы азама­ты Қадыр ағамызды біз әрдайым қадір тұтамыз.
Иә, мемлекеттік қызметтің майталманы ретінде кәсіби шеберлігімен көзге түсті, сый-құрметке бөленді. Президент Әкімші­лігі­нің қаржы саласындағы көзге көріне бермейтін, ал шындап келгенде, маңызды әрі ұшан-теңіз жұмысын білгірлікпен атқа­ра жүріп, білікті басшы, үлкен жүректі азамат, мемлекетшіл тұлға ретінде респуб­лика көлеміне кеңінен танылды. Сөзіне ісі сай, әулетке тірек, дос-жаранға адал, үл­кен-кішіге қамқор азамат Қадырбай Нұр­пе­йісұлы қызметте де үлкен абырой-бе­делге ие болды. Елге сіңірген зор еңбегі еле­ніп, Қадырбай Нұрпейісов бірнеше рет Мемлекет басшысының алғысхатын алды. Сонымен қатар Президенттің Жар­лы­ғы бо­йынша «Құрмет» орденімен, «Ерен ең­бегі үшін» медалімен, сондай-ақ ал­ты мерей­тойлық медальмен марапат­тал­ды. Есімі елге белгілі қаржыгерді туған өңірі де құр­мет тұтып, ұзақ жылғы еңбегін бағалап, «Тал­дықорған қаласының құр­метті азама­ты» атағын берді.
Қажырлы қаржыгер 2011 жылы Пре­зиденттік сайлауда Н.Назарбаевтың сай­лауалды жеке қорының жұмысын басқар­ды. Осы орайда Президенттікке кандидат­тың сенімді өкілдерінің бірі ретінде Елба­сының өзге үміткерлерден озып шығып, халықтың зор сеніміне ие болып, 95 па­йыз­дан астам дауыс алуына ақпейілімен, адал еңбегімен бір кісідей атсалысты. Бұл ретте Қ. Нұрпейісұлына сайлауалды ке­зең­дегі күн демей, түн демей атқарған бел­сенділігі үшін «Нұр Отан» ХДП-ның «Бел­сенді қызметі үшін» төсбелгісі беріліп, бағалы сыйлық тапсырылды. Мұндай ең­бек қадір тұтуға да, жас ұрпаққа мақтан ету­ге де тұрарлық деуімізге әбден болады.
Елімізде қай кезде де білікті маман­дар­ға деген сұраныс көп. Өз ісіңнің майтал­маны болған жан түбі адал еңбек, маңдай терінің жемісін көреді. Біздің кейіпкеріміз де еліне еңбегі сіңген қаржыгерлердің бі­рі­нен саналады. Жақында Қадырбай Нұр­пейісұлы ҚР Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Ақпарат және мұрағат комите­ті­нің «Талдау және ақпарат орталығы» шар­уашылық жүргізу құқығындағы РМК қар­жы директоры қызметіне кірісті. Біз ел аға­сының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста