Қадамы құтты «Қорқыт»

Қадамы құтты «Қорқыт»

Батыстық зерттеушілер Слава Дончев пен Вернер Бахман бүгінде әлемде ең алғаш пайда болған шекті аспап Қорқыттың қобызы екенін, ал Еуропаның скрипка, альт, виолончель, контрабас сынды классикалық аспаптарының содан бастау алатындығын дәлелдеп шықты. Осыдан сегіз жыл бұрын, яғни 2001 жылы көшпенділер өркениетінің әлемдік музыка мәдениетіндегі рөлін насихаттау мақсатында құрылған «Қорқыт» қоғамдық қоры кеше Ұлттық баспасөз клубында журналистер қауымының басын қосты.
Бүгінге дейін бірқатар мәдени бағдар­ламаларды, атап айтқанда, Үлкен Театр­дың дирижері Фуат Мансуровтың қаты­суы­мен ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қайырымдылық акциясы, Арам Хачатурянның 100 жылдығына орайлас­тырылған мерекелік концерттерді өткізген аталған қор сәуірдің 18-і күні «Қазақ­кон­церт» ғимаратында «Наурыз» мерекесіне арналған концерт өткізбек екен. Оған  А.Жұбанов атындағы дарынды балалар му­­зыкалық мектебінің «Giovanni Talеnti» ка­мералық оркестрі, сондай-ақ халық­­аралық байқауларда қазақтың атын шыға­рып жүр­­ген белгілі фортепианошы Арман Ті­леу­бергенов пен скрипкашы Ақан Мейір­­бе­ковтер қатысып, күй атасы Қор­қыт­тан бастап, Бах, Вивальди, Моцарт, Па­ганини, Сағатов пен Серкебаевтардың шы­ғарма­ла­рын орындайды. Баспасөз өкіл­де­рін жи­­­на­ған «Қорқыт» қоғамдық қоры­ның ди­рек­торы Дана Мейірбекова осындай жа­­­­­ңалықпен қоса қазақ өнерпаздарының қо­быз және скрипка, т.б аспаптарда ойна­ған му­зыкаларының CD, DVD жинақтары­ның жа­рық көргендігі жайында мәлім етті.
Қазіргі таңда қордың мақтанышы – же­­ті жа­сында Запорожьеде өткен «Кішкен­тай ханзада» атты байқаудың жүлдегері ата­­нып, содан бастап талай халықаралық бай­қауларда қазақ музыкасы мен өнерін айдай әлемге паш етіп келе жатқан жас скрипкашы Ақан Мейірбеков. Содан кейін ауылдардан келіп А.Жұбанов атындағы дарынды балалар музыкалық мектебінде білім алып жатқан, кіп-кішкентай болса да лауреат болып үлгерген жас өнерпаздар. Басқосуға солардың жетекшісі, тәлім бе­руші ұстазы Гүлмира Бүйенбаева, атақты музыкатанушы Юрий Аравин, Ақан Мейір­­­бековтер қатысты.
Заманауи шекті дүниелердің дамуы мен жаңғыруын үнемі назарда ұстайтын «Қорқыт» қоры Еуразия халықтарының тамыры терең мәдени-тарихи байланыс­та­рын айшықтайтын шараларды алдағы уа­қытта да өткізіп тұруды мақсат етіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста