Атырауда академик Зейнолла Қабдолов атындағы қор бар. «Теңізшевройл» компаниясының көмегімен бірқатар мәнді шаралар ұйымдастырып жүрген қор жақында «Айналайын, Атырау» атты электронды оқулық шығарды.
Сонымен қоса, «Қазақша сайра» деген жаңа жобаны да бастап отыр. Қазақ тілі мен мәдениетін сандық тасымалдаушылар, ақпараттық-әлеуметтік желілер арқылы насихаттау, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу мақсатын көздеген Қабдолов қорының бұл бастамасы облыс тұрғындарының көңілінен шығуда. Жақында аталған қор тағы бір игілікті іс жасады. З. Қабдолов атындағы халықаралық марапатты иегерлеріне табыстады.
Бекет ҚАРАШИН, Қабдолов атындағы қор директоры:
– Бұл халықаралық сыйлықты еңбек ардагері, облысымыздың бұрынғы басшысы Оңайбай Көшеков, «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалив, бас менеджердің орынбасары Дэвид Маккинистер иемденді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қабдолов атындағы халықаралық марапат табысталды
Последние статьи автора