Прокаттың рақатын қашан көреміз?

Прокаттың рақатын қашан көреміз?

Кино қоғамның рухани-өнегелік тұрғыдан қалыптасуына ықпал етіп, тіпті мемлекеттің тұтасуына әсер ететін маңызды элемент болуға тиіс. Алайда біздің кино қазір өзінің сол үдесінен шыға алып отыр ма? Бір қарағанда, отандық картиналар жыл сайын көбейіп, сапасы да бара-бара жақсарып келе жатқандай. Оған мемлекеттің де, жеке азаматтардың да қаржылары құйылып жатыр. Алайда сол киномызды өз жұртымыз толық көре алмай отыр, қазақ кинотеатрларында қазақ киносының үлесі 10%-ды әрең құрайды. Содан келіп кинокартина өндірісі мен оны прокаттаудың арасында жер мен көктей алшақтық жатыр. Осының себебі не?

Кім кінәлі  дегенше, не істеу керек  десек-ші...
Қашанда бір тығырыққа тірелгенде, қай қоғам болсын екіге жарылып, қарсы жақ­ты кінәлайтын әдеті емес пе? Бізде де режиссерлер мен продюсерлер бір жақ болып, киноның алға жылжымай отыр­ғанын прокат жүйесінен көреді. Ал про­кат­қа шығарушы компаниялар болса өздерінің та­быс табуға мүдделі екендіктерін, алайда отан­дық киноның сапасы сын көтермесе, кө­рермен келмесе, оған кинемато­гра­фис­тер кінәлі деген сыңай танытуда. Осы­ған орай таяуда еліміздегі Саяси шешімдер ин­ституты арнайы дөңгелек үстел ұйым­дас­тырып, сол жерде барлық киногерлердің ба­сын қосты. Ең басты екі баяндамашы жас кинорежиссер Тимур Қасымжанов пен «Ар­ман» киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов отандық киноның мәселелерін өз тараптарынан, яғни бірі кино жасаушы ретінде, екіншісі киноны таратушы ретінде жілікше шақса, қалған қатысушылар соған байланысты сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға тастады.
Кинорежиссер Тимур Қасымжановтың пайымдауынша, қазақ киносының аяқ алысын кешеуілдетіп отырған мәселелер:
1.Қаржы экономикалық дағдарыс;
2.Көрермендердің қазақ киносына де­ген сенімінің жоғалуы;
3.Өзіндік құнының қымбаттығы;
4.Кинематографияда кәсіби деңгейдің тө­мендігі;
5.Қазақ киносына тән өзіндік стильдің болмауы: айталық, голливудтық кино­лар­ды, неміс, фрнацуз не түрік киносын, он­дағы бет бейнелер, киіну стилінен бірден айыр­сақ, қазақтың киносын көргенде бір­ден оның қазақтыкі екенін айыру қиын, өзбектікі ме, болмаса әзірбайжан ба, еш түсіне алмайсың;
6.Елімізде халық санының аздығы.
Қазақ киносы ма әлде қазақстандық киноиндустрия ма?
Осы тақырыпта баяндама жасаған «Арман» кинорталығының директоры Бауыр­жан Шүкенов еліміздегі кинопрокат мәселесінің ұңғыл-шұңғылына үңілді.
1.Ең басты мәселе, мұнда экрандар са­ны­ның аздығы екен. Соңғы санақ бойынша елі­мізде 65 кинотеатр, 200 кинозал бар екен. Алдағы наурыз айында олардың са­ны тағы үшеуге артады екен, яғни жаңадан кинотеатрлар ашылмақ.
2. Кинопленкадан цифрлық форматқа өту. Еліміз бойынша барлығы 200 кинозал бар десек, соның небары 71-і ғана қазіргі таңда цифрлық форматта, яғни үштен бірі ғана заман талабына сай.
3. Телевизия және интернеттің кең етек алуы. Аталған екеу – кинотеатр атаулының ең бірінші әрі ең мықты бәсекелестері. Сон­дықтан бүгінгі таңда кинотеатрлар үшін жай қарап жататын кезең емес, көрерменді қалайда теледидар мен интернет алдынан суырып алып, өз табалдырықтарын атта­тудың түрлі әдіс-тәсілдерін табу керек.
Ал ол үшін:
1.Қазақстанда кинотеатрлар желісін ба­рынша кеңейту қажет;
2.Инвесторлардың кинотеатрлар са­луы­на жол ашатындай пайыздық жарнаны (ставка) төмендету қажет.
Қасқалдақтың қанындай тапшы адам...
Ол – дистрибьютор. Ал қазақ киносына бүгінде тап осы маман ауадай қажет. Қазақша айтқанда, кино түсірушілер және кино­театрлар мен көрермен арасын жалғайтын делдалдың табылмауынан біз бүгін:
1.Қазақ киносын сата алмау;
2.Қазақ киносына продюсерлік жасау жүйесінің жоқтығы секілді қадау-қадау мәселелермен бетпе-бет ұшырасып жатсақ керек.
Осы ретте біздің елімізде киноның да­мы­май жатуына бір жағынан телеарна­лар­дың да кінәсі бар. Мәселен, ресейлік «Пер­вый канал» кезінде Тимур Бекмамбетовтің «Ноч­ной дозор», «Дневной дозорына» сиясы кеппей жатып «құда түсіп», дайын болысымен соны көрсету арқылы киноның да айналымда табысқа жетуіне ықпал етті, сондай-ақ өз рейтингілерін көтерді дей аламыз. Бізде де сондай бірді-екілі тал­пы­ныс­тар байқалды, мысалы, «КТК» «Қайрат – чем­пион» фильмін насихаттауға үлес қос­ты. Алайда сол үрдіс жаппай сипат алып, телеарналар мен киноиндустрия арасы біте қайнасып кетпегені өкінішті.
«Мәртебелі көрермен». Осылай ата­масқа лаж жоқ, себебі көрерменсіз қандай болмасын киноның өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі таңда кино түсіруші мамандар болсын, оны айналымға түсірушілер болсын, осы бір құрметті қауымды зерттеуге кірісуі керек. Көрермен дегеніміз кім? Олардың нені көргісі келеді? Бұл – бір, екіншіден, осы орайда мемлекеттік қолдау қажеттігі аса қатты сезіледі. Нақты қандай қолдау екеніне келсек:
1. Кино туралы заңды толықтырып, өзгертулер енгізу шарт;
2. Салықты азайту, преференция жол картасы;
3. Билет санын бақылау сол заңда қарастырылуы керек;
4. Мемлекеттен бөлінген қаржы жүйесінде жариялылық, ашықтық қажет. (прозрачность)

Бұл ретте бізге АҚШ, Франция және Ресей секілді үш алыптың жүйесіне сүйенуге болады. Айталық, Францияда 1946 жылдан бері үстемдік құрып келе жатқан мықты жүйе бар, сонысымен олар өздерінің әлемдік кинода үшінші ел екенін мойындатты.
Жанайқай
Темірлан ТӨЛЕГЕНОВ, заңгер, «Абырой» авторлық қоғамының президенті:
– «Ұлттық кино» мәртебесі дегеннің бізде еш қауқары жоқ. Ал көршілес Ресейде ол мәртебе кәдімгідей те­геурінді, оған кинокартиналар тал­пы­нады, себебі «ұлттық кино» деген атақ оларды салықтан босатады не жеңіл­детеді. Кино – идеология, кино – саясат, егер киногер осыны ұқпаса, соған сай әрекет ете алмаса, несіне кино түсіреді? Кезінде мен кино продюсері болуды, кинопрокатты «Қазақфильмнің» өз қолы­на алуы керектігін айтқанмын. Бірақ оған құлақ асқан жанды көр­медім. Бізге бүгінгі таңда авторлық қоғамдар бірлесіп, басқосып, ортақ келісімге келу керек.

Керек дерек
• Әлемдік киноиндустрияда киноның ең төменгі бюджеті 500 мың АҚШ доллары, ол өз құнын өтеді деу үшін кемі бір миллион доллар табуы керек.
• Ал кинодан түсетін табыстың ең биік шыңы 270 миллион доллар, ондай пайда түсуі үшін оған жұмсалған қаржы көлемі 35 миллион доллардан кем болмауға тиіс.
• Соңғы жылдары түсірілген қазақ киноларының ішінде өз құнын өтеп, ең мол табыс түсірген туынды – Ақан Сатайдың «Ликвидаторы» болса керек. Ол кассаға 80 миллион теңге түсірген.
• Бізге киноны дамыту үшін жылына кемі 80 фильм түсіріп, айына 7 фильмнің тұсауын кесу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста