Президенттік шырша алауын жақты

Мансұр ХАМИТ (фото)

Кеше Астананың «Думан» ойын-сауық отауында президенттік шырша өтті. Астанада ғана емес, бүкіл Қазақ­стан бойынша болды. Президенттің атынан ұйымдастырылып отыр­ған кешке Аста­надағы балалар үйінен, «SOS-Киндерсдорф» қала­шы­ғынан және қаланың білім беретін меке­ме­лерінен 9-13 жас ара­лығындағы 150-ге жуық жетім бала қатысты. Жанарларынан жетім­дік­тің табы байқалатын балалардың жүздері дәл осы кеште ерекше бал-бұл жанып, көңіл күй­лерінің арнасынан та­сы­ғанын көрдік. Шыр­ша ке­ші өте жоғары дең­гей­де өтті.

Бір байқағанымыз, мерекелік кеш ұл­таралық бейбітшілікті насихаттауды мақ­сат еткен. Елбасының «ұлтаралық та­тулықты келер ұрпаққа аманат ету қа­жет» деген өнегесі дәл осы шыршадан бас­­тал­ғандай. Шыршаға жиналған ба­ла­лар қазақ, орыс, ағылшын, швед, не­міс, фран­цуз және түрік кейіпкерлерін та­ма­ша­лап, солардың әнін айтып, биін би­леді. Мерекенің маңызды бөлігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бала­лар­ды құттықтап сөйлеген бейнежолдауы бол­ды. Президент өз сөзінде бала­лар­дың білім алып, елге адал қызмет етуіне мем­лекет барлық жағдай жасап отыр­ған­дығын атап өтті. «Еліміз асыл ар­ман­да­рыңды шындыққа айналдыру үшін да­рынды балаларға арналған мектептер ашуда. Еліміздің барлық өңірлерінде думанды орталықтар салынуда. Даныш­пан бабамыз Абай аталарың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», – деп айтқандай, сендер барынша жақ­сы оқып, сапалы білім алып, туған Ота­ны­мызды шын сүйетін үлгілі, еліміздің ке­лешегіне үлес қосатын үлкен азамат бо­лыңдар. Ұлағатты ұлт ұрпағына тән ұқып­­тылық көрсетіңдер. Біздің  халқы­мыз «та­лаптыға нұр жауар» дейді. Сен­дер талапты да талантты, батыл да ал­ғыр, зерек те зерделі болып өсіңдер», – деді Елбасы бүлдіршіндерге зор үміт ар­тып, асқақ арман тудырып. Балалар Ел­ба­сы­ның сөзін ерекше ықыласпен тыңдады.
Мерекелік кеш барысында Елбасы атынан ноутбук секілді бағалы сый­лық­тар табысталды. Артынша дастарқан жайылып, зор қуанышқа кенелді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста