Париж Мұстафаны дәріптеді

Париж Мұстафаны дәріптеді

 

Қазақ халқының біртуар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 120 жыл толуына байланысты Парижде арнайы еске алу рәсімі өткізілді. Мұстафа Шоқай атындағы қазақ-француз достық қоғамы ұйымдастырған осы шараға Қазақстанның Франциядағы елшілігінің өкілдері, Париждің Мұстафа ғұмыр кешкен Ножан ауданының әкімшілік қызметкерлері, диаспора өкілдері және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысып, ұлы қайраткер турасындағы жүрекжарды ой-тұжырымдарымен бөлісті.

Аталған қоғам төрағасы Көпжасар Дініштің айтуынша, Мұстафа Шоқай тұлғасы қазіргі таңда француздарға да ыстық. Өйткені М.Шоқай өзін қиын-қыстау кезеңде қабылдаған, отанының Тәуелсіздігі үшін күрес жүргізуге мүмкіндік берген Францияны жоғары бағалаған еді. Францияны теңдіктер, еркіндіктер және бауырластықтар елі ретінде таныған М.Шоқай екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы кездерінде нацистік армияның басып алу қаупін біліп тұрса да, басқа эмигранттар сияқты Францияны тастап кетпеді. Қайраткердің Францияға деген ізгі ниеті Мұстафа Шоқайды қазақ-француз байланыстарының символдық тұлғасы ретінде тануға негіз болып табылады.

К.Дініш мырзаның айтуынша, туғанына 120 жыл толуына орай 2010 жылы Мұстафа Шоқай туралы Қазақстанда және Францияда бірқатар шаралар өткізілмек. Француз Парламенті биыл Мұстафа Шоқай туралы француз тілінде кітап шығаратын болса, қайраткердің туған жері Қызылорда қаласында наурыздың 10-ында халықаралық деңгейде Мұстафа Шоқайды еске алу рәсімі өткізіліп, хатым түсіріліп, арнайы ғылыми конференция ұйымдастырылмақ.

01222

Биыл Мұстафа Шоқай тұлғасына арналған күнтізбе шығарғандықтарын айтқан К.Дініш қайраткердің екі ел тарихында алар орындарына да тоқталып өтті. Ол Қазақстан биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен тұста М.Шоқай тұлғасының одан әрі маңызды болып отырғанына баса мән берді.

Қазақстан мен Франция арасындағы достық байланыстардың күн сайын нығайып келе жатқанын да тілге тиек еткен ол Франция Президенті Н.Саркозидің қазан айында Қазақстанға барған сапары кезінде екі ел арасындағы байланыстарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру жайында бірлескен келісімге де қол қойылғанын атап өтті.

Қазіргі күнде Қазақстан мен Франция, тіпті Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы байланыстарда Шоқайдың дәнекер тарихи тұлға ретінде маңызының күн санап артып келе жатқандығы анық. Сонымен қатар Еуропа елдерінде М.Шоқайдан басқа Орталық Азия елдерінен келіп өмір сүріп, беделге ие болған ешқандай тарихи тұлға болмағандығын да еске салып өткен жөн.

Дерек
Мұстафа Шоқай 1933-1941 жылдары Париждің Ножан ауданының Ла Фонтен Скуар көшесінде тұрған еді. Бүгінгі таңда қайраткер тұрған үйдің алдына арнайы ескерткіш тақта тұрғызылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста