Өзінің ұзатылуында сыңсу айтып, ата-анасына өлең арнаған әнші желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Жас дарын әсерлі сәтті Instagram-парақшасына жүктеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жас әнші Сәуле Жұмабай Instagram парақшасында өзінің ұзату тойынан үзінді жариялады. Сыңсу айтқан ару көпішіліктің көңілін жібітті.
Әншінің оқырмандары бейнежазба астында ізгі тілектерін жазып жатты.
"Қандай керемет. Жарайсың. Сыңсуды өзі орындағанды бірінші көруім. Күшті. Бақытты бол. Жарынның сүйіктісі бол", " Аллахым бағыңды ашсын!️ Ардақты келін, аяулы ана атан", "Барған жеріңе тастай батып, судай сің! Ана бақытын, әйел бақытын тілейміз! Әрқашан тілекшіңбіз!", "Керемет! Бақытты бол!", - деп жазды олар.
Айта кетейік, әнші үйлену тойында жұбайымен бірге дуэт орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.