Өздерің білер Нартаймын!..

Мені де еске алатын табылар жан,
Егер де табылмаса, қалар маржан.
Артымда өлең, әнім өлмей қалса,

Мен де бір жан болармын бағы жанған, – деген екен қазақтың суырыпсалма, төкпе ақыны, әншілік, жыршылық өнердің үздік шебері Нартай Бекежанов. Сенбі-жексенбі күндері елорда төрінде «Өздерің білер Нартаймын!» атты әнші-жыршылар байқауы өтті. Міне, осының өзі жыршының әні мен өлеңінің өлмегеніне, Нартайды еске алатын жұртының барына дәлел болса керек. Ендеше, ақынның «бағы жанған» дегені осы емес пе?!


Игі шараны ұйымдастырушылар Шиелі ауданының әкімдігі екен. Яғ­ни Нартай Беке­жановтың туған жері. Ал аталмыш ша­ра­ның респуб­ли­калық деңгейде өтуіне Мәде­ниет және ақпарат министрлігі қол­дау көрсеткен.
Нартай Бекежанов – қазақ даласына сыр­най сазын сіңірген тұлға. Сыр сүлейінің көзі тірісінде орындаған өлең-жырлары таспаға басылып қалмаса да, ел аузында сақталып келеді. Бір қуантарлығы – бабадан қалған мұраны жал­ғас­тырушылар қа­тары жыл сайын өсіп келеді. Астанада өткен республи­калық байқаудың өзіне 30 шақты өнерпаз қатысты. Бас жүлденің ие­гері – Нартайдың сарынымен сырнайынан саз төгілтіп жүрген, көме­йіне бұлбұл ұя­лаған Клара Төлен­баева.
Нартай ізбасарларының жыл санап көбе­йіп келе жатқанына Клара Төленбаева да қуа­нулы. «Ал­ғаш­қы кездері осындай ән-жыр бай­қауларына сырнаймен қаты­са­тын­дар өте аз еді. Көбі домбырамен орын­дайтын. Өзім мұндай бай­қауға алғаш рет студент кезімде қатысқанымда жалғыз ғана сырнайшы болатынмын. Енді міне, бұл байқауға 30 шақты адамның сырнаймен қатысып отыр­ғанын көріп отырмыз, сонысы қуантады», – дейді Клара Төлен­баева.
Байқауға қатысушылар екі күнге созыл­ған додада ХІХ-ХХ ғасырдың жыр жақұт­тары – Нартай Бекежанұлы, Тайжан Қал­ма­ғанбетұлы, Кенен Әзірбайұлы, Шашубай Қошқарбайұлының шығармаларынан шашу шашты.
Бұған дейін мұндай байқау тек Шиелі ауданында ғана өтіп келген екен. Енді міне жыр дүлдүлінің байқауы республика деңгейіне танылып отыр. Бұған Шиелі ауданының әкімі Нұрлыбек Нәлі­баев қатты риза болып отыр.

О, Нартай, шешен таңдай, қасқа маңдай,
Аузыңнан шыққан сөзің шекер-балдай.
Айтыссаң, алдырмассың ақындарға,
Жарқырап қараңғыда жанған шамдай!
Жамбыл ЖАБАЕВ,
ақын

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі:
– Бұл байқау 2010 жылы біздің аудан­да Нартай Бекежановтың 120 жыл­дығында өткен болатын. Сол 120 жыл­дығында бастау алған байқауға бар­лық облыстан әнші-жыршылар қаты­сатын. Енді, міне, байқау Астана қала­сында өтіп жатыр. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста