Бұл жолы отандық режиссерлер 2 бірдей туындыны, қалың көрермен назарына ұсынады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Алғашқысы шынайы оқиға желісіне негізделген «Паралимпиадашы» фильмі. Оны жас әрі талантты режиссер Алдияр Байрақымов түсірген. Бұған дейін картина ел ішінде көрсетіліп, көпшіліктің оң бағасын алды. Драмаға толы шығарма 2018 жылы шаңғыдан паралимпиада чемпионы атанған Александр Колядиннің ғұмыр жолын баян етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қоғамдағы кей теріс көзқарас суреттеледі. Екінші фильм «От» деп аталады. Оны авторлар алдағы күндері ҚоҚан қаласында көрсетуді жоспарлап отыр. Жалпы Ташкент фестиваліне әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі киногерлер қатысып жатыр. Соның ішінде қазақстандық қана емес, Голливуд, Ресей және түрік актёрлері де бар.
Асқар Ілиясов, актёр: – Рейтингі жоғары. Кассавый деп айта алмаймын. Себебі бұл спорттық драма. Бірақ көрерменнің көңілінен шықты.
Бахадүр Әділов «Өзбекфильм» киноконцернінің директоры: – 1 апта бойы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Еуропа, АҚШ және Жапония фильмдері көрсетіледі. Ұсынылып жатқан туындылар көп. Бұл жолы біз шараны конкурстық негізде ұйымдастыруды жөн көрмедік. Барлығына тең дәрежеде қараймыз. Дегенмен жас режиссерлар арасында шағын бәйге тігіледі.