«Отырар сазы» мерекелік концертке шақырады

«Отырар сазы» мерекелік концертке шақырады

Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық академиялық оркестр Ұлыстың ұлы күніне арналған концертке шақырады. Бұл кеште Бағдат Сәмединова бастаған бір топ әнші өнер көрсетеді.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Отырар сазы» өз тыңдар­мандары үшін фольклор мен классикалық вокалдан нағыз мерекелік бағдарлама әзірлеп отыр. Көнеден жеткен алуан түрлі аспаптар дыбысының жаңаша үйлесім табуы жыл басы – Наурыздың келе жат­қанын тағы бір паш етпек. Бұл күні оркестрдің сүйемелдеуімен белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сә­мединова, танымал опера әншілері Ұлан Кенжебеков пен Дина Хамзина, сондай-ақ Жұлдыз Өскенбаева, Қайрат Игіліков, Салтанат Жұбаныш, Фархат Құбиев, Бек Күнтубаев сияқты халық­аралық және республикалық конкурс­тардың лау­реаттары өнер көрсетеді. Оркестрдің бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дінзуһра Тілендиева. Концерт филар­мония залында бүгін сағат 18.30-да басталады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста