«Отүкен» журналы жарық көрді

Өр Алтайдың төрінде – Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде дүниеге келген жаңа бір басылым – «Отүкен» атты республикалық әдеби-көркем журналдың тұсаукесер рәсімі болып өтті.

– Қазіргі күні республикаға тарайтын га­зет-журналдар облыс орталықтарында да жарық көріп жатыр. Бұл ешкімге таңсық емес. Кейбір қалаларда республикалық деңгейдегі жаңа журналдар шыға бастады. Осы орайда Шығыс Қазақстанда да респу­бли­калық бір әдеби журналдың қажет еке­ні көптен бері күн тәртібінде тұрған бола­тын. «Отүкен» журналы әдеби дүниелерді ға­­на емес, атақты Берел мен Шілікті сияқты жер­лерден табылған құнды деректерді на­сихаттауды, тарихи, мәдени, ұлттық өне­рі­мізді насихаттайтын дүниелерді жариялап, ел­дің рухани қажеттілігін толтыруды мақсат етеді», – деді өз сөзінде журналдың бас редакторы Нұржан Қуантайұлы.
Үш айда бір рет жарық көріп тұрады деп жоспарланып отырған жаңа жур­нал­дың алғашқы саны 2 мың данамен шықты. Жур­нал облыс орталықтары мен Астана, Ал­маты қалаларындағы кітапханаларға тегін таратылатын болады. Басылымның құ­рылтайшылары – Шығыс Қазақстан об­лыс­тық әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар ода­ғының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.
Ал жаңа журнал неге «Отүкен» деп атал­ды? Нұржан Қуантайұлы тұсаукесерге жи­налған қауымға мұны да түсіндіре кетті. Оның айтуынша, Отүкен – сан салалы ұлт­тарға бөлінген көне түркілердің, жалпы түр­кі нәсілінің Алтайдағы қасиетті ата­ме­кені болған жер, түркі міллетінің рухын оя­тып, берекеге, бірлікке тартатын ұлы ұғым.
– Басылымды шығаруға қолұшын бер­ген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бер­дібек Сапарбаевқа алғысымыз зор, әйт­кенмен, «Отүкен» журналы аймақтық дең­гейде қалып қоймайды. Өйткені басы­лым­ды шығарудағы басты мақсат, бірін­шіден, қай өңірде тұрмасын, елімізге таны­мал, белгілі ақын-жазушылардың сиясы кеппеген жаңа туындыларын жариялап отыру. Екіншіден, қолына енді қалам алып, жазып жүрген, аты беймәлім жас қалам­гер­лерге жол ашу, – деді журналдың бас редакторы.
Сонымен қатар болашақта «Отүкен» жур­налының өзінің сайтын ашу да ойда бар екен. Егер сол арман орын­да­лып жа­татын бол­­са, «Отүкен» жур­налын ға­лам­тор арқылы Қытайда, Моң­ғо­лия мен Ре­сейде, Еуропада тұ­рып жатқан қа­зақ оқыр­ман­да­ры да оқи алмақ.
Журналдың ал­ғашқы санында Шығыс Қа­зақстан облы­сы­ның әкімі Бердібек Са­пар­баев және Қа­зақстан Республикасы Ұлт­тық Ғылым ака­де­миясының академигі Сейіт Қасқабасов жаңа басылымға ақ жол тілеген. Сондай-ақ журналдың бірінші нөмірінде бірқатар ақын-жазушылардың жаңа шығармалары жарияланыпты. Мыса­лы, көрнекті ақындар Ұлықбек Ес­дәу­лет, Серік Ғабдоллаұлының жаңа өлең­дері, белгілі жазушылар Асқар Алтайдың «Бо­зоқ», Нұрдәулет Ақыштың «Амалсыз ба­йыған момақан» атты жаңа әңгімелері, сон­дай-ақ көпшілікке енді танылып келе жатқан Жұмабай Қайран­бай­дың «Болгар қызы», Жұмағазы Игі­сін­нің «Сабалақ» атты жаңа хикаяттары мен әң­гімелері оқырман үшін нағыз олжа бол­мақ.
Сондай-ақ бұл нөмірден Ғаббас Қа­бы­шев­тың жазушы Оралхан Бөкеев туралы жа­ңа естеліктерін, Айтмұхамбет Қа­сы­мовтың жазушы Георгий Гребенщиковтің «Ба­тырбектің хандығы» хикаятынан ау­дар­ған үзіндісін, жазушы Айгүл Кемелбаеваның ғы­лыми-танымдық эссесін де оқуға бо­лады.
Журналдың тұсаукесеріне жиналған қауымның бәрі де оның ішінде Қазақстан Жа­зу­шылар одағының мүшелері Серік Ғаб­дуллаұлы, Борис Щербаков, Бақытжан Ра­йысова «Отүкен» журналының ғұмырының ұзақ, болашағының жарқын болуына тілектестіктерін білдіріп, ақ жол тіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста