Отандық жұлдыздар жартылай жалаңаш эстафета бастады (фото)
Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері шетелдік атышулы челенджге қатысты. Өнер иелері өзгелерден қалыспай, жалаңаш денесін жастықтан жасалған көйлекпен жабуда. Танымал арулар жалғастырған #Pillowdresschallenge ерекше эстафетасын қазақстандықтар қалай қабылдағанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Әлеуметтік желіде асқан танымалдылыққа ие болған челленджге отандық өнер өкілдерінен Алтынай Жолдыбаева мен Медина Жалғасова сияқты әншілер мен стилист Мика Ізбассарова қатысты.
Олар өзінің Instagram парақшаларында жастықтан жасалған көйлектерін паш етті. Атышулы эстафетаны жалғастырған сылқымдарға қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі олардың батылдығына тәнті болса, енді бірі керісінше оларды сынап тастаған.
Оған қоса, желі қолданушыларыың көпшілігі бикештердің фотосы көңіл-күйді көтергенін айтуда.
"Карантин не істетпейді. Қалғаны осы еді" , "Өте күлкілі, шынымен көйлек па? Әлде жастық па?" , "Қалыспайды" , "Қазақстар да жатпайды. Жастық челленджі де келіп жетті елімізге" , "Қатырасыздар, ерекше эстафета екен" , "Шынымен көйлек сияқты болып қалыпты" , "Сұлусыз, сізге жарасымды" , - деп жазуда көпшілік.