Отандық биотехнологияның батыл қадамдары

А. САДАНОВ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Биотехнология ғылымына адалдық танытып, өмірі осы саламен біте қайнасып келе жатқан биология ғылымының докторы, профессор Аманкелді Саданов бастаған бір топ ғалымдар жақында Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері ретінде танылды. Атап айтқанда, Аманкелді Садановтың жетекшілігіндегі топтың құрамында Светлана Айткелдинова, Нина Гаврилова, Ирина Ратникова, Ұлбосын Ыдырысова, Вячеслав Кан, Ерік Шорабаев сынды ғалымдар бар.
Аталған жоғары марапат Аманкелді Құрбанұлы мен оның шәкірттеріне еліміз­дің ауыл шаруашылығын ілгерілетуде, ел экономикасы мен әлеуметтік өміріне тиімді биоқұрылғыларды жасап, оны тікелей өн­діріске енгізгені үшін беріліп отыр. Қазіргі ҚР БҒМ Микробиология және вирусология инс­титутының ұзақ уақыт жүргізген зерт­теу­лерінің нәтижесінде Аманкелді Құрбан­ұлы­ның жетекшілігіндегі ғалымдар топы­рақты  тыңайтатын нитрагин және ризовит АКС биопрепараттарын жасап шығарып, оны өндіріске енгізуі ауыз толтырып ай­тарлық ірі жетістік деуімізге болады. Пре­па­ратты қолданысқа енгізгеннен кейін соя астығының өнімі 33-35 пайызға дейін артты, бұл – орташа түсімге қосымша ас­тық жиынының гектарына 5-7 центнерін беретінін көрсетеді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер топырақты тек азотпен және органикамен байытып қана қоймайды. Сонымен бірге төрт түлікке арналған жо­ғары сапалы белоктық азық болып та­бы­лады. Оған қоса осы дақылдардан соң ауыспалы егістікте егілетін дақылдар үшін де топырақты құнарландырады. Сондай-ақ әртүрлі өсімдіктерді сүрлеу үшін каз­биосил атты тиімділігі өте жоғары жаңа пре­параттың өндірісі қолға алынды. Каз­био­сил препараты жоғарғы активті сүт қыш­қылды бактериялар штамдары бар құ­ра­­мы жақсартылған ашытқыдан тұрады.
Соңғы жылдары Аманкелді Құр­бан­ұлы­­ның жетекшілігімен оның шәкірттері то­­пырақты ауыр металдардан, мұнаймен лас­танудан және тағы басқа ксе­но­био­тик­терден микробиологиялық жолмен тазалау мә­селелерімен белсенді түрде айналысып келеді. Топырақтың мұнаймен ластануының биоремидиациясы және биоиндикациясы мәселелеріне айрықша көңіл бөліп отыр. Бұл өз нәтижесін беріп, аталған ғалымдар бакойл-KZ атты отандық био­пре­па­рат­тар­ды қолдану арқылы мұнай және мұнай өнімдерінен топырақты тазалаудың жаңа технологиясын жасап шығарды. Бакойл-KZ – мұнаймен ластанған топырақты, өн­ді­ріс қалдықтарын және суқоймаларды ми­кробиологиялық тәсілмен тазалауға ар­нал­ған тиімділігі жоғары бактериялы пре­парат. Қазір бұл биопрепараттың пай­дасы Батыс Қазақстан аймағында мұ­най­мен ластанған аумақтарды тазалау үшін кеңінен игерілуде.
Отандық микробиология, вирусоло­гия, экология және биотехноло­гия, соны­мен бірге білім беру саласында өзіндік қол­таңбасы бар Аманкелді Саданов пен оның шәкірттерінің сәтті ғылыми жо­баларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың өзі жо­ға­ры баға беріп, қазақстандық өндірісте кеңінен қолдануына қолдау көрсетіп отыр. Айта кетейік, отандық биотехнология ғы­лымында соңғы 30 жылда Мемлекеттік сый­лыққа ие болған жекелей тұлға мен ұжым жоқ екен. Сон­дықтан ұзақ жылғы ір­кілісті өз ізденіс­терімен жеңе білген ұжым өз еңбектерінің лайықты бағасын алды деуге толығымен болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста