"Оскар" үшін шайқаста әділдік жеңді

Осымен 87-ші мәрте өткізілген “Оскар” мен үшін ең әділ берілген сыйлықтың бірінен болды десем, қателеспеймін. Иә, бұл сыйлықтың таңдалу, берілу тәртібін, оның АҚШ-тың саяси күн тәртібіне байланысты құбылып отыратынын сынайтын адам көп. Бірақ, соған қарамай, бәрі санасады, бәрі мойындайды. Иә, биылғы «Оскарды» АВС арнасы айтқандай, 36,6 миллион көрермен ғана көріпті. Бұл — соңғы 6 жылдағы ең нашар көрсеткіш.

«Оскардың» биылғы жүргізушісі Нил Патрик Харрис те сонау 2006 жылдан бері ашық гомосексуал. Әріптесі Дэвид Бартка деген бір актер екенін де, 2010 жылдан бері суррогат әйел арқылы туғызған қыз бен баланы тәрбиелеп отырғанын да білеміз. Жалпы, “Оскардағы” басымдықты «жыныстық азшылыққа» беру бір қайталанса — кездейсоқтық, бірақ екі қайталанса — заңдылық. Себебі былтырғы “Оскардың” жүргізушісі Эллен Дедженерес те ашық лесби болатын. Ол да бір актриса әйелмен, 3 ит, 4 мысықпен көңіл қосып тұрып жатыр.

Оның үстіне осы байқаудың алдында “Үздік фильм” номинациясындағы фаворит “Имитация ойыны” және «Америкалық снайпер» болатын. Білесіздер, америкалықтар өз елінің даңқын шығарып, батырлығын жырлайтын әскери тақырыптағы фильмдерді жақсы көреді. Оған 2010 жылдың жеңімпазы “Өлім қорабы” («The Hurt Locker») және 2013 жылдың жеңімпазы “Арго” («Argo») фильмдері мысал. Биыл осы тақырыпта ортаңқолдау түсірілсе де, ардагер Клинт Иствудтың «Америкалық мерген» фильмінің орайы келіп тұрды. Бұл фильм Иракқа төрт рет барып, 255 адамды жайратып қайтқан Крис Кайл есімді америкалық сарбаздың соғыс пен соғыс сыртындағы өмірі жайлы еді. Содан соң осы номинацияда «Имитация ойыны» да үлкен қауіп туғызды. Фильм соғыс жайлы, анау-мынау емес, Екінші Дүниежүзілік соғыстың қорытындысына әйгілі криптограф-математик Алан Тьюрингтің қалай ықпал еткені баяндалады, оның үстіне басты кейіпкер (Бенедикт Камбербэтч) — гомосексуалист. Бұл ахуал да «Оскардың» басқа кемшіліктерге көз жұма салып, осы «артықшылығы» үшін ғана бере салуына жол ашатын мүмкіндік» еді. Қысқасы, екеуінің де жолы болмады, бас жүлде “Бердменге” бұйырды.


Бар-жоғы 1 айда түсіріліп, 2 аптада монтаждалған. Фильмді шама келгенше бір дубльмен түсіруге тырысқандықтан, актерлер бір көріністің өзіне 15 беттік диалогтарды жаттауға мәжбүр болған. Біраз режиссерлер фильмді бір дубльмен түсіру оны құрдымға түсіреді деп сенімсіздік танытқан. Бұл енді техникалық жағы ғой, әйтпесе фильмнің ойға азық беретін тұсы көп. Сондағысы қартайған актердің «Бойымда талант бар ма? Менің шынайы құным қанша?» деп бүкіл әлемге өзін дәлелдеуге тырысуы, ескі стереотиптен арылудың мехнаты, айта берсе, ондай жәйттерді таба беруге болады…


Фильм режиссері Алехандро Гонсалес Иньярриту түсірілімінің алдында барлық актерлерге бір фотоны жібереді. Ол фото Нью-Йоркте құлаған қос мұнара әлі бар кезде оның үстінен арқан арқылы өткен Филипп Петидің фотосы еді. Иньяратту актерлерге фотоны көрсете отырып: “Жігіттер, бұл — біз жасап жатқан кино. Егер осыдан құласақ, онда құрыдық”, — деген еді.
Жоқ, құламады. Иньяриту “Үздік режиссер” атанды. Мексикалық режиссер бұл сыйлыққа «21 грамм», «Вавилон», «Қаншық махаббат» секілді фильмдерімен де лайық еді, бірақ «ештен кеш жақсы». Ал осы фильмді түсірген Эммануель Любецки “Үздік оператор” болды. Айтпақшы, екінші жыл қатарынан. Былтыр Альфонсо Куаронның “Гравитациясы” үшін алған еді. Любецки шамасы жөйіт-ау, бірақ Мехикода туған. Мексикандық. Иньяраттудың жерлесі.


“Үздік сценарий” аталымында да “Бердман” жеңді. Ал «бейімделген сценарий» аталымында біз айтқан «Имитация ойынына» берді. Бастысы, ең басты деген төрт награда “Құс адамға” әділ бұйырды. Әттең, “Үздік актерге” де 90-жылдары “Бэтменді” ойнап, кейін екінші сұрыптағы актер деңгейіне түсіп қалған Майкл Китон алу керек еді! Адам жүлдеге тойсын ба? Есесіне «Алтын глобусты» алды. Бірақ “Бердмандағы” оның ойыны және перфекционист Эдуард Нортонның ойыны естен тандырған еді. «Үздік актер» атағын «Барлығының теориясы» фильмінде қазір әлі көзі тірі физик Стивен Хокингтің жас кезін сомдағаны үшін Эдди Рэдмейнге бере салды.
Ал былтырғы жылдың ең таңдаулы фильмі деп аталған Кристофер Ноланның “Интерстелларына” бір ғана “Оскар” бұйырғаны өкінішті-ақ! Оның өзі «визуальды эффектілер» номинациясында. Ең болмаса, үздік композитор аталымында осы фильмге арнайы әуен жазған Ханс Зиммер жеңуі керек еді, әттең! 1994 жылғы “Арыстан патша” мультфильмінен бері ол әлі сыйлық алмапты. Бірақ «Гранд Будапешт» отелі» және «Имитация ойынына» музыка жазып, үлкен еңбек еткен француз Александр Деспла да расымен жүлдеге лайық болды.
«Үздік актриса» аталымында «Әлі де сол Элис» фильмі үшін Джулианна Мур лайықты деп танылды. Тағы да осы жүлденің алдында ол «Алтын глобусты» алған еді. Өзі «Алтын глобусты» «Оскардың репетициясы» деп дәл айтып жатады. Мысалы, «Екінші пландағы үздік актер», «Екінші пландағы үздік актриса» номинацияларында биыл «Алтын глобуста» жеңімпаз болған Дж.К. Симмонс /«Таяқтың күшімен»/, Патриция Аркеттің /«Балдәурен»/ бағы жанды.
Ал «Үздік шетелдік фильм» аталымында көпшілік күткендей, ресейлік «Левиафанның» емес, польшалық «Иданың» жолы болды. Жолы болатындай да жөні бар, себебі фильм өзінің еврей екенін біле тұра, католик монастыріне баруды жөн санаған қыз турасында. Әрі бұл фильм ақ-қара түсте түсірілген.
Қорытындылай келе, «Оскарға» әділдік оралды деп сеніммен айтуға болатын сияқты. Бірақ оның келесі жылы қаншалықты жалғасын табарын білмейміз.

kazakhstanzaman.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста