Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова келін мен ене қарым-қатынасына қатысты өз пікірін білдіріп, жас арулардың көп жіберетін қателіктерін айтты деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Барша келіндер қауымына кеңес бермек болған өнер иесі өзі кезінде енесімен тұрмағанын жасырмады.
Шоу-бизнес жұлдызы жолдасының ата-анасымен бір шаңырақ астында болмауының өзіндік себебі бар екенін жеткізді.
"Мен енеммен тұра алмадым. Өйткені ол кісі ауылда тұрды, біз Алматыда тұрдық. Менің түсінбейтінім, көп қыздар анасы бір қатты айтып қалған сынға кішкене ренжиді де, "қойшы мама" деп кетіп қалады, кейін ұмытып кетеді.
Ал енесінен естіген сынды жүрегіне сақтап қалады, өш қылып алады. Сол жаман да" , - деді Ысқақова.