Келесі аптаның басында, яғни маусымның 9-10 аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті, Мәдени саясат және өнертану институты «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғамдық форумымен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық әріптестігімен «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізіледі.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда «Мәдени мұра» ұлттық жобасын халықаралық дәрежеде насихаттау, Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық өзекті мәселелерді шешетін, халықаралық өркениеттер диалогының алаңына айналдыру, сондай-ақ Қазақтың ұлттық тарихи-мәдени мұрасын дүниежүзілік ғылыми айналысқа енгізу міндеті қойылып отыр. Конференцияға Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғамдық форумының президенті Владимир Якунин, Мәдени саясат және өнертану институтының директоры, саясаттану ғылымының кандидаты Ерлан Саиров, «М.Әуезов» қорының директоры, филология ғылымының кандидаты Мұрат Әуезов басқа да қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, шетелден келген қонақтар қатысады. Екі күнге созылатын жиында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын халықаралық дәрежеде насихаттау, қазіргі өркениетті заманға лайықты ортақ кеңістіктегі конструктивті диалог қалыптастыру мақсат етіліп отыр.
«Өркениеттер диалогы» – Алматыда
Последние статьи автора