Өркениетке ұмтылған жақсы, бірақ ұлттық болмыстан ажырап қалмау қажет

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
– Смағұл  ағай, сіздің қаламгерлі­гіңізді айтпағанның өзінде, жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен, 1972 жыл­дан кино саласында еңбектеніп келесіз. Мәс­кеу­дегі жоғарғы сцена­рис­тер кур­сында да тәжірибе жинақ­та­дыңыз. Бұл оқу сізге не берді?
– Николай Фигуровский дейтін кино­дра­ма­тургияның мықты маманынан дәріс ал­дым, ол менің жазғандарыма жетек­ші­лік етті. Ал енді бізде сабақты Туррин, Со­ловь­ев сияқты кинодраматургтер жүргізіп отыр­ды. Кинорежиссерлер Ж.Бючосов, А.Кон­ча­ловскийлермен талай кездесулер бол­ды. Жалпы, ол курстың бір ерекшелігі  – бү­кіл әлемнің кино тарихындағы алтын қор түгелдей көрсетіледі және пікірталас­қа түсіп отыратынбыз. Негізгі сабақ сол көр­сетілім­дер болды дегім келеді. Тағы бір ерек­шелігі, біз оқыған жылдар – комму­нистік идео­ло­гияның, бір жағынан, тоқы­рау, екін­ші жағынан, шарықтау биігіне шы­ғып тұрған кезі. Мынау еркін ойлау, ер­кін жазу мүмкін емес жағдайда жеке тұл­ға­ларды шақы­рып, философтар, саясат­кер­лер, зерт­теу­ші­лермен кездесіп, пікір алмасатын­быз, олар біздің көзімізді аша­тын, олардың рес­ми көзқарастарымен көп­теген жағдай­да қабы­са бермейтін біз үшін ол кездесу­лер пайдалы болды.
– Осыдан біраз бұрын Жапония елін­де Дүниежүзілік Пен-клубтың конгре­сіне қа­ты­сып, осы алқалы жиын­да Се­мей по­ли­гоны мен Арал қасі­реті ту­ралы сөз сөйле­ге­ніңізді естідік...
– Пен-клуб – бүкіл әлем жазушылары­ның басын қосатын әлемдегі жалғыз ха­лық­аралық ұйым, жыл сайын бір елдің ас­та­насында жиыны өтеді. Бұл жолғы тақы­рыбы «Қоршаған орта және әдебиет» бол­ды. Осы ретте, біз Аралды айттық, сол Арал тақырыбына байланысты жазылған Реп­ресовтің «Сеңбір аралын», Семей по­ли­гонының жағдайын айттық. Жапония – дәл біз сияқты ядролық апатты бастан кешкен ел, олар соғыс жағдайында бастан кешсе, біз соғыс емес жағдайда Жапония­дағы қопарылыстан жүз есе артық қопа­ры­лысты бастан кештік. Жапондардың жа­сы әлемдегі ең жоғары өмір сүру жасы­на жетсе, ал біз ондай дәрежеге жетуден әлі алыс­пыз. Жиналыста осының құпиясын сұра­дым. Елдің экономикалық дамуы, сөз жоқ, көңілдің ұзаруына әкеліп соғады. Содан кейін әртүрлі елден келген жазушы­лармен әңгіме-дүкен болды. Бұл жиын әлем­дік проб­леманы шеше алмайды, бірақ жазу­шы­ларды араластыра алады. Жапония – Азия құрлығында жаһан­да­нуға өткен ға­сырдың екінші жарты­сында кіріп кеткен ин­дустриялды, капиталистік жүйенің ал­дыңғы шебінде келе жатқан ел. Экономи­касы Америка елінен кейін екінші орында тұр, сондықтан да біз осыған көңіл бөлдік. Бізді «Бұлай даму бақыт па, сор ма?» деген ой маза­лады. Токио дейтін қаласы бізден бір ғасыр алдыға кеткен, ал Кио­то дейтін қа­ла – тарихи ас­та­насы, жапон пат­шала­рының соңғы мұ­расы, храмдары­ның бәрі сонда. Бұл – жапон халқының өзінде үл­кен айтыс тудырып келе жатқан мәселе, өр­кениетке ұмтылу керек пе, әлде өзінің дәс­түрлі мәде­ниетін сақтау керек пе?
– Қазіргі жаһандану жағдайында біз­дің қоғам өркениетке ұмтылып, ұлт­тық болмысын жоғалтып алмай ма?
– Егер біз дәстүрлі мәдениетімізді ұмы­тып, далақтап Батыстың соңынан кете бе­ретін болсақ, дамуымыз мүмкін, бірақ біз қазақтығымыздан, тілден, діннен – бәрі­нен айырылып, тек ақша жинайтын робот­тарға айналамыз. Кере­мет үйде тұратын, кере­мет көліктерді мінетін, технологиясы дамыған ел болып, бірақ ұлт ре­тінде шар­уа­мыз бітуі мүмкін. Бұл қауіп жапон­дарда да бар, бірақ ол­ар­дың бір ерек­шелігі – олар сон­шалықты да­мы­ға­нына қа­ра­мастан, өзі­нің ұлттық дәстүрін, мәде­ние­тін көзі­нің қа­рашы­ғындай сақтай білген. Мінеки, даму және ұлт­тық мәдениет осы Жа­по­ния тір­лігінде қалай үй­ле­сіп жа­тыр, сол бізді көп алаңда­тады. Бұл ретте ол­ар­дан үй­ре­нетін тірлігі­міз көп, жалпы, даму деп да­лақтап жүгіре беретін бол­сақ, сол даму бары­сы­мен жоғалып кетуіміз мүм­кін екен, соған да көзі­міз жетті. Капиталис­тік даму – ол халықтың да­муы емес, шы­нына ке­лер болсақ, ол ұлт­тық мә­де­ниет­тің, ар-ож­дан­ның, иман­ның да­муы емес, ол – тек қана эко­но­миканың, ақ­шаның дамуы, тек адам тұрмысының жақсаруы,  жеңіл­денуі. Со­ған қарамастан Жапония елі – суицид жө­ні­нен әлемдегі алдынғы қатар­лы елдің бірі. Дамыған сайын адам­дар­дың бақыт­сыз­дығы да үдей беретіні көрініп отыр. Біз барған кезде сол елдің премьер-министрі сөз сөйледі. «Ұлт­тық пробле­маның бірі – суицидтің санын төмен­дету, яғни адам­дардың өз-өзіне қол жұм­са­уын қалай төмендетеміз?» деп сөз қоз­ғады. Мінеки, дамудың екінші беті, ол бақыт па, бақыт­сыз­дық па? Біз соны ажы­ра­туымыз керек.
– Өзіңіздің бір сұхбатыңызда «Егер біз өткен ғасырдың 20-30 жылдары Голо­щекиннің сілтеген балтасынан ұшқан жаңқадай дүние­нің әр тұсына шашырап кеткен ауыл­дың балалары болмасақ, мүмкін, бұл тақырыпқа тым ерте бой ұрмаған болар едік» деп айт­қаныңыздай, «Жазушы – қоғам­дық ой­дың қоз­ғаушы күші» деген аталы сөз бар, тарихтың айтылмаған сыр­ла­ры мен қырларын халқымызға «Ақ боз үй» роман-трилогияңыз ар­қылы жет­кіздіңіз. Енді осы шығар­маның же­лі­сі бойынша режиссер Д.Ма­на­бай­  түсір­ген туындыңыз «Сұрапыл-Сұр­же­кей» фильмінің, ме­нің ойым­ша, кино нұсқасы әдеби нұсқамен салыс­тыр­ғанда солғын­дау шыққан сы­ңайлы?
– Енді ол уақытта әдеби нұсқаны экранда дәл бере алмайтын. Өйткені шынын айтқан кезде, әдеби нұсқа – өзінің табиға­тына сай жазылған туынды. Ал енді экран бас­қа жанр болғаннан кейін, ол сол оқи­ға­ны басқаша көрсетуге тиіс еді. Бірақ біз сол романды пайда­лана отырып сце­на­рий жаздық. Бұл сце­нарий бойынша түсірілген фильм болды. Дегенмен роман­дағы көптеген желі сақ­талды. Негізінде, екі сағаттық фильмге үл­кен романды салу  – қиянат. Өздеріңіз көріп отырсыздар, көрі­ністер қысқа-қысқа өткі­зілді. Соған қара­мастан талантты режис­сер Дамир Мана­бай уақыттың келбетін, сұмырай саясат­тың зымияндығын, халық­тың көрген қия­натын, қазақтың бастан кеш­кен ұлттық трагедиясын бере білді деп ой­лаймын. Фильм осы тұрғысынан 30-­жыл­дардың үл­кен дерегі ретінде бола­шаққа пайдалы дүние болып қалады деп ой­лай­мын. Әри­не, бұл романнан ең бол­мағанда 20-25 бөлімнен тұратын сериал жасау керек еді. Сонда ғана романның кел­бетін, болмысын түгел қамтыған болар еді.
– Бүгінгі қазақ киносы жайлы не айта аласыз? Бізде  сценаристер қа­лып­тас­қан ба?
– Өзім Өнер академиясында дәріс бергеннен соң, мақсатым – студенттерге шапшаң, тез арада сценарий табиғатын, кино процесін, кинодраматургияның жал­пы рөлін түсіндіру болып отыр. Ал енді «Қа­зақфильмге» келсек, онда сценарий­лік коллегия дейтін бар, бұл – шығарма­шылық ұйым, негізінен, редакторлар мен кинодраматургтерден құралған, тірі ағза­ның негізгі миы деуге болады. Бұл жерде кез келген сырттан келген сценарий сол жерде не қайтарылады, не батасын алып, өндіріске кетеді немесе қара қазанға салынады да, қайта пісіріледі. Шама кел­генше жаман нәрсені өткізбей, жақсы нәр­сені өткізу – осылардың міндеті. Мүмкінді­гінше жақсы фильм жасап,  жаман кино жасамау осылардың ар-ұятына, намы­сы­на байланысты деп айтсақ болады. Әлі күнге дейін осы жұмысқа араласып отыр­мын. Сондықтан да жас мамандарды сол процестерге тікелей араластыруға тыры­самын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста