Себебі, намаз оқып жүрген әйелдер өзгелер сияқты ішкі сырларын әркімге бір ақтара бермейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Хит әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы хиджаб киген қыз-келіншектердің көбі іштен тынып жүретінін айтты.
Толқынның айтуынша, шаңыраққа келін болып түскен кезде жиі күйзеліске ұшыраған екен. Сол кезде ол өзін "ешкімге керексіз" адам ретінде сезінгенін жасырмайды. Үйдің бітпейтін шаруасы әншінің жарын әбден қажытып жіберген.
"Бір кездері өзімді ешкімге керексіз, тек тірлік істейтін, бала туатын, қонағы бітпейтін, шаршап кеткен, өзін жақсы көрмейтін адам ретінде сезінген кездерім болды. "Елдің көңілінен шықсақ" деген стереотиптен мен де шыға алмайтынмын. Нағыз құрбанның бірі мен болатынмын. Бірақ ол адамның өзіне де байланысты емес. Әдейі сол күйге түспейді әрі ол күйде жүргенін білмейді" — дейді Толқын Тұрарбекқызы.
Қазір Толқын өзі сияқты басына орамал таққан қыз-келіншектерге "үлгілі жар" болудың қыр-сырын үйретіп жүр. Оның пікірінше, бүгінде іштен тынып, сырын ақтара бермейтін әйелдер көп екен. Ондай адамдар өмірге өкпелі келетін көрінеді.
"Мен сырттай сабыр сақтап, бірақ іштей тынып жүрген аналарды білемін. Адамның өзін тануы қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Көбінесе намаз оқып жүрген адамдардың шыдап жүргенін көресің. Алдыма келетін қаншама орамал таққан келіншектердің ешкімге айта алмаймынның астында толып жатқан өмірге деген өкпесі, толмайтын көңілі жатыр. Бұл күйге түсіріп қойған өздері десем сенесіздер ме?", — дейді әншінің жары.