Оралмандарға арналмаған кино

Анау жылы Қытайға бардым. Қайтарда бізбен бірге шекарадан баласын ерткен қазақ әйел өтті. Қытайда тұратын қандастар. Балақайдың ата-әжесі, туыстары Қазақстанға қоныс аударыпты. Өзі тарихи отанына алғаш рет келе жатыр.
Кеденде құжаттарымызды, көтерген жүгімізді тексерді. Қытай жағы ұзақтау ұстады. Біздің кеденшілер тез жіберді. Осыған шамданған орыстілді бір қазақ: «Қытайларды неге дұрыстап тексермейсіңдер? Олар бізді ұзақ ұстады ғой», – деп қалды. Аң-таңбыз. Ара-мыздағы «қытай» кім деп, бір-бірімізге қараймыз. Сөйтсек, «қытай» деген атажұртқа келе жатқан ана мен бала екен. Біраз адам өз қазағын «қытай» деген әлгімен айтыса кетті. У да шу. Балақай мен анасы орысша ұрысқан қазақтарға таңдана қарайды. Орысша білмесе де, әңгіменің өздеріне қатысты екенін іштері сезеді.
Бір кезде балақай менен:
– Аға, мына кісі не дейді? Бізді айтып жатыр ма? – деп сұрады.
Аузымды аша бергенім сол еді, қасымда тұрған қария:
– Жоқ, қарағым, сендерде несі бар? Кеденшіні айтады, – деп жауап берді.
Сыртқа шыққан соң, қария:
– Ана бала еліне келе жатыр. Егер оған «сені біреу қытай деп жатыр» десек, жүрегі ауырып қалар еді, – деп құлағыма сыбырлады.
Осы оқиғаны көпке дейін ұмыта алмай жүрдім. Елімізге жыл сайын мыңдаған оралман ағайын көшіп келеді. Бір елден бір елге қоныс аудару қайдан оңай болсын?! Талай қазақ баласы қиналып жүр. Дегенмен, жылап жүрген олар жоқ. Сан салада еңбек етіп, қоғамнан өз орындарын табуда.
Өткенде кешкісін бір оралман әріптеске қоңырау шалдым.
– Не істеп жатырсың? – десем:
– Жатырмын, оралмандарға арналмаған кино көріп, – дейді.
– Ол қандай кино?
– Кәдімгі өзіміздің қазақтар түсірген сериал ғой. Жартылай қазақша, жартылай орысша. Біз сендер секілді орысшаға жетік емеспіз. Сосын оны «оралмандарға арналмаған кино» дейміз, – деп күліп жатыр.
Әріптестің мұнысы – әзіл. Бірақ, зілі бар әзіл. Расында, бүгінде кейбір кино екі тілде «сөйлейтін» болды. Өмірді шынайы бейнелегендері ме, кім білсін, әйтеуір, сериал түсіретіндер осы әдіске көшіп алды. Орысша мәтінді дубляждап, тым болмаса, субтитрмен беру деген ешкімнің ойына келер емес. Сірә, киногерлер де, телеарна басшылары да күллі қазақтың орысшаға жүйрік екеніне сенімді секілді.
Міне, солай! Кино екеш киноның өзі «шалақазақ» бүгінде. Талай қандастың жүрегін ауыртып жүр-ау осы жәйт.

"Ұлан" газеті
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста