Оқушылар Оралханды еске алды

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Тәуелсізді­гі­міздің 20 жылдығына орай Оралхан Бөкеевтің құрметіне арналған дәстүрлі «Оралхан Бөкей» атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Атал­мыш шараны Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Бұл жайлы Курчатов қаласы әкімінің баспа­сөз қызметінен мәлімдеді.
Сайысқа мекеме, ұйым, кәсіпорын­дар­дың қызметкерлері қатысты.  Атап айтар бол­сақ, олардың қатарында №1 мектептің мұғалімі Нұржан Рамазанұлы, 35/14 әске­ри бөлімшесінің қызметкері Сәуле Сол­тан­бекова, ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкері Индира Байболова, мектеп-гимназияның мұғалімі Айжан Жүнісова, «Журавушка» балабақшасының тәрбиешісі Гүлмира Жұманова, Курчатов қаласының қауіпсіздік және экология институтының қызметкері Назгүл Нұрғайсынова, №3 мек­тептің мұғалімі Айгүл Садуақасова, қалалық полиция бөлімінің қызметкері Айым Қожаханова бар.
Үш бөлімнен тұратын сайыста қаты­су­шылар проза, драмалық шығармадан үзін­ді оқу, поэзияны жатқа айтудан өзара бақ сынасты. Жоғарыдағы шарттардың ішінде бір шығарма міндетті түрде Оралхан Бөкейдің шығармасы болуы тиіс.
Байқау қорытындысы бойынша сайыс­тың бас жүлдесіне Индира Серікболқызы Байболова, І орынға – Гүлмира Жұманова, ІІ орынға – Нұржан Әлиев, ІІІ орынға Айгүл Садуақасова ие болды. Сайысқа қатысу­шылар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аталған игі шара Курчатов қаласында осымен 13 рет өтіп отыр.
«Әдеби асыл мұра өз тыңдаушысын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатса – бұл біздің өскелең ұрпақ алдындағы міндетіміздің орындалғаны. Дәстүрге айнал­ған осынау байқау тоқтап қалмай, жыл сайын өткізіліп отырады деген ойда­мыз», – деді шараны ұйымдасты­рушы­лар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста